Қазнетте танымал болған кесене күзетшісі ағылшын тілін қалай үйренгенін айтты

Ол Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде жұмыс істейді.

Сабина Асқарқызы

  • 08.10.2024

Ағылшын тілінде еркін сөйлеп, көпшілікті тамсандырған Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің күзетшісі Шер Ілиясов Қазнеттің жұлдызына айналды, деп хабарлайды Malim.kz.

Оның шетелдік туристерге бұл кесененің ерекшеліктері туралы ағылшынша егжей-тегжей түсіндіріп жатқан видеосы желіде тез тарады. Дегенмен кейіпкердің өзі Tengrinews-ке берген сұхбатында ол өзін видеоға түсіріп тұрғанын байқамағанын айтқан.

«Келушілер кейбір жайттарға қатысты мәселелерді анықтап білгісі келеді. Мұндай «танымалдылық» туралы ойлана бермеймін, себебі бұл бір күнгі жаңалық, ертең бәрі ұмытып кетеді, - деді Ілиясов.

Шер ағылшын тілін үйрену үшін қандай әдістер пайдаланатынын да алға тартты.

Тілді жетік меңгердім деп айта алмаймын. Әрі қарай да оқи беретінім анық. Әдетте субтитрсіз кино қараймын, кітап оқимын. Ол үшін алдымен тілдік қорың болуы қажет. Сонан соң ғана фильмді түпнұсқасында қарай беруге болады. Ал кітап оқу – менің сүйікті ісім, - деді ол.

Сөйте тұра кейіпкер ағылшын тілімен шектеліп қалмайтынын айтады. Енді ол испан тіліне қызығып жүр екен.

Адам көп шоғырланатын жерлерді ұната бермеймін. Өзіммен өзім болғанды құп көремін. өз-өзімді дамытып, жаңа тілдер үйренгім келеді, - деп қосты Шер Ілиясов.

Шер жұбайы екеуі екі бала өсіріп отырғанын да айтты.

Байланысты жаналықтар

Сопылық ілімнің пірі – Ахмет Яссауи

02.09.2024

Атырауда блогерлер балағаттаған күзетші көз жұмды

29.08.2024

Моңғолия мектептерінде ағылшын тілі негізгі шет тіліне айналады

16.08.2024

Күзетшісіз жүрген Дариға Бадықова мен Олжас Абай жұртты таңғалдырды

11.06.2024

«Психикалық ауытқуы бар»: Мәйітханада өлген адамдарды зорлады деген күзетші туралы әріптестері айтып берді

02.05.2024

Алматыда бойжеткенді зорланған күзетшіге сот үкімі шықты

29.04.2024
MalimBlocks
Сопылық ілімнің пірі – Ахмет Яссауи

Қожа Ахмет Яссауи (1093-1166) – қазақ халқының байырғы мәдениетінің тарихында айрықша орны бар ұлы ақын, сопылық поэзияның негізін салушы, күллі күншығыс мұсылмандарының рухани ұстазы болған ұлы ойшыл, діни қайраткер.

Атырауда блогерлер балағаттаған күзетші көз жұмды

Күзетшінің артында үш баласы қалды

Моңғолия мектептерінде ағылшын тілі негізгі шет тіліне айналады

Моңғолияда 2024 жылдың қыркүйегінен бастап ағылшын тілі елдегі негізгі шет тіліне айналады. Ал тілді үйрететін мұғалімдер шетелде білім алады.

Күзетшісіз жүрген Дариға Бадықова мен Олжас Абай жұртты таңғалдырды

Танымал өнер иелері бұған дейін күзетпен жүріп, басы дауға қалған еді.

«Психикалық ауытқуы бар»: Мәйітханада өлген адамдарды зорлады деген күзетші туралы әріптестері айтып берді

Ол бұған дейін кішкентай балаларды жыныстық қатынасқа тартқан.

Алматыда бойжеткенді зорланған күзетшіге сот үкімі шықты

Ол қызды пышақпен қорқытып, өз үйінің кіреберісінде не болып жатқанын видеоға түсірген.