Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қостанай облысында алимент төлемейтіндер екі есе артқан

Қоғам
Қостанай облысында алимент төлемейтіндер екі есе артқан

Қостанай облысында соңғы үш жылда сотталған қасақана борышкерлердің саны екі есеге артты, деп хабарлайды Malim.kz.

2024 жылы прокуратураның үйлестіруімен 96,3 млн теңгеге алимент төлемегені үшін 61 ата-ана сотталып, оның ішінде 6 адам бас бостандығынан айырылған.

Мысалы, бір азамат 4 жыл ішінде ұлына алимент төлемей, қарыз сомасы 4,4 млн теңгені құраған. Федоров ауданының прокуроры сотқа дейінгі тергеп-тексеру бастап, сот үкімімен борышкер бір жылға бас бостандығын шектеу тағайындалды, деп жазды Бас прокуратура.

Қылмыстық жауаптылықтан басқа әкімшілік жазалау шаралары қолданылады. Барлығы 327 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оның 122-сі әкімшілік айыппұлға, 205-і қамауға алынды.

Борышкерлер сонымен қатар елден тыс жерлерге шығу, лицензияларды, рұқсаттар мен арнайы құқықтарды алу және пайдалану, өз мүлкіне билік ету құқығымен уақытша шектеледі.

Жұмысқа орналасқысы келетіндерге және алимент төлеуді дұрыс төлегісі келетіндерге жұмыспен қамту органдары арқылы көмек көрсетіледі. 360-тан астам борышкер жұмысқа орналастырылды, бұл балаларды ай сайынғы алимент төлемдерімен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді, деп жазды Бас прокуратура.

Қадағалау актілері бойынша Қостанай облысының прокуратурасы 275 кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғап, 286,4 млн теңгеге берешекті өтеуге қол жеткізді. 85 сот орындаушысы тәртіптік жауапкершілікке тартылды, оның біреуі әрекетсіздіктің жүйелілігі үшін мемлекеттік лицензиясынан айырылды.

Фото: gov.kz

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу