Қояндыда су тасқыны кезінде жолды жауып тастағандар айыппұл арқалады

Ақмола облысында су тасқынынан кейін наразылық білдірген Қоянды ауылының тұрғындарына айыппұл салынды, деп хабарлайды Malim.kz.

Malim Админ

  • 28.03.2024

Ауыл тұрғындары шенеуніктерден шара қолдануды талап етіп, тас жолды жауып тастаған еді. Кеше шеруге шыққандардың біразын полиция ұстағаны белгілі болды.

Ақмола облыстық сотының хабарлауынша, наразылыққа қатысқан алты адамға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Оларға 110-нан 184 мың теңгеге дейін айыппұл төлеу міндеттелген.

Оқи отырыңыз: Жолды жауып тастаған Қоянды ауылынан бір түнде 80 мың текше метр су тартылды

2024 жылғы 26 ​​наурызда Қоянды ауылында азаматтар әкімдіктің хабарламасынсыз және рұқсатынсыз ұйымдасқан митингіге қатысып, заң талаптарын бұзған. Олар 488-баптың 7-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот қаулыларымен әрбір құқық бұзушыға 30-дан 50 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды. Әйелдерге кәмелетке толмаған балаларының бары ескеріліп, айыппұл мөлшері 30%-ға азайтылды, - деп хабарлады Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі. 

Бұл ретте сот екі әкімге – Ақмола облысы мен Целиноград облысының әкіміне су тасқыны аймақтарында қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі нашар жұмысы үшін Қоянды әкіміне шара қолдану туралы жеке қаулы шығарды.

Еске салайық, Ақмола облысы Қоянды ауылында су тасқыны салдарынан тұрғын үйлер мен әлеуметтік мекемелер зардап шеккен. Жергілікті биліктің дым істемей отырғанын айыптаған халық Астана – Павлодар республикалық тас жолын жауып тастады.

Фото: ТЖМ

Байланысты жаналықтар

АҚШ сенаторы Трампқа наразылық ретінде 24 сағат бойы сөз сөйледі

02.04.2025

Жезқазған тұрғыны қызды интимдік видеосын жариялаймын деп бопсалаған

02.04.2025

5 сәуірден бастап тіркеуден өтпеген мопедтермен жүруге тыйым салынады

01.04.2025

Адам зорлады: Қаскелеңде сот ғимаратынан күдікті қашып кетті

01.04.2025

Семейде баланы соққыға жыққан жасөспірімдердің ата-анасына үкім шықты

01.04.2025

Францияда белгілі оппозиция басшысы Марин Ле Пен бас бостандығынан айырылды

31.03.2025
MalimBlocks
АҚШ сенаторы Трампқа наразылық ретінде 24 сағат бойы сөз сөйледі

Жезқазған тұрғыны қызды интимдік видеосын жариялаймын деп бопсалаған

5 сәуірден бастап тіркеуден өтпеген мопедтермен жүруге тыйым салынады

Адам зорлады: Қаскелеңде сот ғимаратынан күдікті қашып кетті

1 сәуірде Алматы облысында аудандық сот ғимаратынан зорлау бойынша күдікке ілінген адам тергеу барысында қашып кеткен

Семейде баланы соққыға жыққан жасөспірімдердің ата-анасына үкім шықты

Семейде оқушыны соққыға жығып, видеоға түсірген жасөспірімдердің ата-анасына үкім шықты

Францияда белгілі оппозиция басшысы Марин Ле Пен бас бостандығынан айырылды