Құрбандарын 45 миллион теңгеге алдап кеткен қазақстандық Польшадан экстрадицияланды

Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Сыртқы істер министрлігімен бірлесіп, аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікке ілінген Қазақстан азаматын Польшадан экстрадициялады, деп хабарлайды Malim.kz.
Ол 2023 жылы Польшадан екі жүк көлігін алып келуге уәде беріп, жәбірленушінің 45 миллион теңге көлеміндегі қаражатын иемденіп, өз міндеттемелерін орындамай, иемденген қаражатпен жасырынған деген күдікке ілінді, - деп жазылған Бас прокуратураның хабарламасында.
Биыл ақпанда ол Бодзентын қаласында ұсталып, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрау салуы бойынша Отанына экстрадицияланды. Қазіргі уақытта ұстау изоляторына қамаққа алынды.
Ол бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Фото: nashaniva.com


Ең көп оқылған
