"Қыздар ер адамдарға иіліп сәлем беруі керек" деген кеңес берілді: Министрлік бұған не дейді?

Сұлу Бөлек

  • 20.05.2025

Ғылым және жоғары білім вице-министрі Талғат Ешенқұлов Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде (ҚазҰПУ) болған жағдайға қатысты пікір білдірді. Бұл оқу орнында бірінші курс студенттеріне қоғамда және ер адамдармен қалай дұрыс қарым-қатынас жасау керегі түсіндірілген еді, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі.
Мамырдың басында әлеуметтік желілерде ҚазҰПУ-да өткен жиын қызу талқыға түсті. Онда бірінші курс студенттеріне қоғамда және ер адамдармен өзін қалай ұстау керегі жөнінде түсіндірме берілген.

Студент қыздарды акт залына жинап, оларға бейнеролик көрсетілген. Видеода әртүрлі жастағы ер адамдар қыздардың қалай киінуі, қалай сөйлеуі және ер адамдармен кездескенде қалай сәлемдесуі керегін айтқан. Мысалы, ашық киім кимеу, дауысты көтеріп сөйлемеу және ер адамдармен кездескенде иіліп сәлемдесу қажет екені айтылған.

Университет әкімшілігі бұл видео студенттер арасында әртүрлі пікір туғызғанын мойындады.

"Университет әкімшілігі жағдайға түсіністікпен қарап, болашақта мұндай мазмұндағы материалдарды таңдауда барынша мұқият болатынын мәлімдеді", – деді университет өкілдері.

Министрлік не деді?
Үкіметтегі брифинг барысында вице-министр Талғат Ешенқұловтан осы жағдайдан кейін қандай шаралар қабылданғаны сұралды.

"Университеттің мәліметінше, мұндай танымдық іс-шаралар оларда жиі өткізіледі. Есігі ашық, қатысамын деген студенттер өз еркімен барады. Бұл шаралар тәрбиелік жұмыстың бір бөлігі ретінде өтеді. Бүгінде университет қорытынды жасап, алдын алу және түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Мұндай жағдай енді қайталанбайды", – деді Ешенқұлов.

Оның айтуынша, министрлік айына екі рет әлеуметтік және тәрбиелік жұмыс бойынша проректорлармен кездесу өткізіп, студенттерді толғандыратын мәселелерді талқылайды.

"Бұл жағдай бойынша тиісті қорытынды жасалды. Енді мұндай жайттардың алдын алу үшін жұмыс жалғасады. Барлық проректормен, барлық жоғары оқу орнымен осы мәселе бойынша әңгіме өтті", – деп қосты вице-министр.

Бұған дейін ҚазҰПУ да бұл университет – зайырлы білім ордасы екенін, онда студенттердің жеке таңдауы, еркіндігі мен пікір алуандығына құрметпен қарайтынын мәлімдеген.

Фото: youtube.com/@abaiuniversity1928

Байланысты жаналықтар

Траллаллеро Траллалла: министрлік маңызды мәлімдеме жасады

19.05.2025

Шерзат ісі: сотта адамшошырлық кадрлар көрсетілді

15.05.2025

Қазақстанның қай өңірінде құрғақшылық болуы мүмкін?

13.05.2025

Астанада тыл ардагері парадқа кіре алмаған

08.05.2025

Қысым көрсетіліп жатыр: Жамбыл облысына арнайы топ жіберілді

25.04.2025

Алматыдағы жартылай марафондағы қайғылы оқиға: министрлік жаңа дерек айтты

20.04.2025
MalimBlocks
Траллаллеро Траллалла: министрлік маңызды мәлімдеме жасады

Шерзат ісі: сотта адамшошырлық кадрлар көрсетілді

Қазақстанның қай өңірінде құрғақшылық болуы мүмкін?

Астанада тыл ардагері парадқа кіре алмаған

Қысым көрсетіліп жатыр: Жамбыл облысына арнайы топ жіберілді

Алматыдағы жартылай марафондағы қайғылы оқиға: министрлік жаңа дерек айтты

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Алматыда өткен жартылай марафон кезінде екі қатысушының қайтыс болуына байланысты пікір білдіріп, жаңа дерек айтты