"Қызметке шыдамады". Ақтөбеде әскерден қашқан сарбаз 5 жылға сотталды

Арман Қайыпхан

  • 12.06.2024

Ақтөбеде сарбаз өзіне тапсырылған қаруды пайдаланып, жолдағы автокөлік жүргізушісін қорқытып әскерден қашып кеткен, деп хабарлайды Malim.kz.

Ақтөбе гарнизонының әскери сотында жауынгер “М”-ның әскери қызметтің ауыртпалығына төтеп бере алмағаны айтылды. Ол өзіне сеніп тапсырылған қызметтік қарумен әскери қызмет орнынан қашып кеткен.

Кейін ол жол жиегіндегі жәбірленуші "А"-ның басқаруындағы автокөлікті көріп, өзіне сеніп тапсырылған қарумен қорқытып, оған өзі көрсетілген бағытта жүруді талап еткен. Көрсетілген жерге келгеннен кейін, жауынгер жүргізушінің киімдерін иемденіп, қылмысты жасау жерінен бой тасалаған.

Оқиға орын алған күні сағат 13.00 шамасында қатардағы жауынгер "М" әскери полиция қызметкерлерінің қолына түсті. 

“ҚК-нің 442-бабының 2-бөлігі, 192-бабының 1-бөлігі, 200-бабының 4-бөлігі бойынша өзіне сеніп тапсырылған қарумен әскери қызметін тастап, қашқындық жасау, автокөлікті айдап кету және қарақшылық жасау фактілері бойынша айыпталған қатардағы жауынгер "М" қатысты үкім жарияланды. Сот үкімімен қатардағы жауынгер "М" ҚК-нің 442-бабының 2-бөлігі, 192-бабының 1-бөлігі, 200-бабының 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған 5 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды. Сотталушы сотқа дейінгі тергеу барысында кінәсін мойындау түрінде процестік келісім жасауымен, тергеу әрекеттерінің хаттамаларымен, жәбірленушілер және куәлардың айғақтарымен дәлелденді”, – делінген хабарламада. 

Одан бөлек сот сарбазға іс жүргізу шығындары мен жәбірленушілерге өтемақы қорын өтеуге мәжбүрлі төлем өндірілді. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Фото: Қорғаныс министрлігі

Байланысты жаналықтар

Дәулет Тұрлыхановтың ұлы 1 жарым жыл түрмеде отырады

22.10.2024

74 млн ақша жымқырған шенеуніктер сотталды

17.10.2024

Қайрат Нұртастың жары сотта жеңіліп, 4 бөлмелі пәтерінен айырылды

16.10.2024

Қыркүйектің басынан елімізде 7 әскери қызметші мерт болды - журналист

14.10.2024

"Қазақстандықтар аман ба?: Ливандағы бітімгершілік базасына шабуыл жасалды

14.10.2024

«Тосын сый»: Динара Сәтжан ұлының әскерден аман-есен келгенін айтты

14.10.2024
MalimBlocks
Дәулет Тұрлыхановтың ұлы 1 жарым жыл түрмеде отырады

Бұған дейін Нұрасыл Болат адвокатты соққыға жығып, 1 700 000 теңге айыппұл төлеген

74 млн ақша жымқырған шенеуніктер сотталды

Нысан іске қосылмаған

Қайрат Нұртастың жары сотта жеңіліп, 4 бөлмелі пәтерінен айырылды

Актриса тұрғын үйін келісіммен сатқанын дәлелдей алмады

Қыркүйектің басынан елімізде 7 әскери қызметші мерт болды - журналист

"Қазақстандықтар аман ба?: Ливандағы бітімгершілік базасына шабуыл жасалды

«Тосын сый»: Динара Сәтжан ұлының әскерден аман-есен келгенін айтты

Тележүргізушінің ұлы Мемлекеттік күзет қызметінің әскери бөлімінде борышын өтеді