Ресейдегі колонияда белгілі қазақстандық қайтыс болды

Ресейлік «Прайм Крайм» басылымы «Леха Семипалатинск» лақап атымен танымал қазақстандық Айтқали Маймушевтың Ресейдегі колонияда қайтыс болғаны туралы ақпарат таратты, деп хабарлайды Malim.kz.
«Қылмыстық ортада «Леха Семипалатинск» деген атпен танымал 66 жастағы қазақстандық Айтқали Маймушев Карелия Республикасының Надвоицы ауылындағы ИК-1 қатаң режимдегі колонияда асылып өлген жерінен табылды», - делінген тараған хабарламада.
Айта кетейік, 2023 жылдың шілдесінде Маймушевты Мәскеу қалалық соты қылмыстық иерархияда жоғары лауазымды («вор в законе бабы» деп аталатын) және есірткі саудасы үшін кінәлі деп тауып, 9 жылға бас бостандығынан айырды.
Фото: Прайм Крайм