«Ресми органдардың мәліметі қандай?». Журналист 20 жыл құлдықта болған отбасы туралы мәселе көтерді

Ол мән-жайды өзі анықтайтынын алға тартты.

Сабина Асқарқызы

  • 11.02.2025

Отандық журналист Гүлмира Әбіқай 20 жыл бойы құлдықта болған отбасы туралы айтты, деп хабарлайды Malim.kz.

Әбіқай бұл отбасының тағдыры неліктен осы күнге дейін белгісіз болып келгенін түсінбейтінін алға тартты.

20 жыл құлдықта жүрген отбасы туралы ақпарат тез тарады. Қоғам дүр сілкінді, өзіміз Алматыда отырып жаға ұстадық. Оқиға Қызылорда облысы, Қазалы ауданының шалғайда жатқан Жұбан атты малшы ауылында болған.
Көкейде сұрақ көп: сонда 20 жыл бойы бұл отбасын ешкім көріп-білмеген бе? Үш бала қайда туды, қалай өсті, мектепке барған ба? Отбасы ауырмай ма, науқастанған жағдайда дәрігер шақырған жоқ па? 20 жыл бойы өз туысын жасырын ұстап келген кәсіпкер кім? Шындығында, туыс па?
Басында қылмыстық іс қозғалды деді, іле-шала нағашы-жиен мәмілеге келді, 20 жылғы еңбегін өтейтін болыпты деген хабар тарады. Әйтеуір, ақпарат беті гу-гу, ду-ду.
Бұл отбасы қазір қайда? Шындығында, не болып жатыр? Оқырманым арасында Қожагелді бауырымыздың отбасын танитын, білетіндер бар ма? Ел не дейді, ол бір бөлек, ресми органдардың мәліметі қандай?
Ақыр Қызылордаға келген соң дәл қазір анықтаймын, деп жазды журналист.

Фото: Видеодан алынған кадр

Байланысты жаналықтар

Мьянмада төрт қазақстандық құлдыққа түскен

14.04.2025

"Сұлу болдыңдар". Журналист 17 жыл құлдықта болған қыздарға сый жасады

20.03.2025

"Эпилепсия емес". 17 жыл құлдықта болған қыздың жағдайы айтылды

19.03.2025

«Моншада тұрғызып, зорлық көрсетті»: Алматылық жігіт спортшының отбасында құлдықта болған

09.10.2024

17 жыл құлдықта болған қыздардың жаңа бейнесі көпті таңғалдырды

27.09.2024

«Ит-мысықтың етін берген»: Шымкентте 6 бала асырап алған ер адам оларды қорлаған

03.06.2024
MalimBlocks
Мьянмада төрт қазақстандық құлдыққа түскен

Өзбекстандық және қазақстандық дипломаттар Мьянмада еңбек құлдығына тап болған Өзбекстан, Қазақстан және Қырғызстан азаматтарының отанына оралуына көмектесті

"Сұлу болдыңдар". Журналист 17 жыл құлдықта болған қыздарға сый жасады

Танымал тележүргізуші Руслан Өтепбай 17 жыл құлдықта болған Құндыз бен Назгүлге сыйлық жасады

"Эпилепсия емес". 17 жыл құлдықта болған қыздың жағдайы айтылды

17 жыл құлдықта болған Құндыздың жағдайы сыр берген

«Моншада тұрғызып, зорлық көрсетті»: Алматылық жігіт спортшының отбасында құлдықта болған

Ол 10 ай бойы мал баққан

17 жыл құлдықта болған қыздардың жаңа бейнесі көпті таңғалдырды

Апалы-сіңлі Құндыз бен Назгүл қалыпты өмірге оралған

«Ит-мысықтың етін берген»: Шымкентте 6 бала асырап алған ер адам оларды қорлаған

Түнде ұйықтаған кезде үстін қасымасын деп аяқ-қолдарын байлап қояды екен.