Мьянмада төрт қазақстандық құлдыққа түскен
Өзбекстандық және қазақстандық дипломаттар Мьянмада еңбек құлдығына тап болған Өзбекстан, Қазақстан және Қырғызстан азаматтарының отанына оралуына көмектесті

Өзбекстандық және қазақстандық дипломаттар Мьянмада еңбек құлдығына тап болған Өзбекстан, Қазақстан және Қырғызстан азаматтарының отанына оралуына көмектесті, - деп хабарлайды Malim.kz өзбекстандық "Дунё" ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Жәбірленушілердің айтуынша, олар интернет арқылы уәде етілген жоғары жалақысы бар жұмыс іздеп, Таиландқа келген. Оларға тегін әуе билеттері де ұсынылған.
Алайда Таиландқа келген соң оларды алдап, заңсыз жолмен Мьянмаға алып кеткен. Ол жерде олар адам саудасымен айналысатын қылмыстық топтардың қолына түскен. Жәбірленушілерді жалған колл-орталықтарда жұмыс істеуге мәжбүрлеген. Заңсыз әрекеттерден бас тартқан жағдайда, оларға күш қолданылып, қорқыту әдістері пайдаланылған. Бостандыққа шығу мен отанына оралу үшін олардан ірі көлемде қаржы талап етілген.
Осындай жағдайға екі өзбекстандық, төрт қазақстандық және жеті қырғызстандық азамат тап болған.
Мьянма мен Таиландтың құзырлы органдарымен келіссөздер мен келісілген іс-әрекеттер нәтижесінде бұл үш елдің азаматтары босатылып, Таиландтағы Маесот шекара бекетінде дипломаттарға тапсырылды. Ол жерде оларға уақытша баспана мен тамақ ұйымдастырылды. 11 сәуірде олар елдеріне сәтті репатриацияланды.
Дипломаттар шетелден жұмыс ұсынған кез келген хабарламаларға сақтықпен қарап, ақпарат көздерінің шынайылығын мұқият тексеруге шақырады.
Осындай жағдай болғанда жағдайда, Өзбекстанның Бангкок қаласындағы Бас консулдығы келесі телефон нөміріне хабарласуды немесе Facebook, Instagram, X әлеуметтік желілеріне жазуды ұсынады: +66 2 675 3995
Фото: pixabay.com
Байланысты жаналықтар
MalimBlocks
