«Шайтанның қызметшілері»: Ауғанстанда зина жасаған әйелдерді таспен ұрады

«Талибан» қозғалысының жоғарғы көшбасшысы Хайбатулла Ахунзада елде зина жасағаны үшін әйелдерді жаппай дүре соғу және таспен ұру әдістері қайтарылатынын айтты, деп хабарлайды Malim.kz.

Malim Админ

  • 31.03.2024

Әйелдерді (қиянаты үшін) қамшымен сабап, таспен ұрамыз, – дейді Ахунзада.

«Талибан» қозғалысының жоғарғы көшбасшысы мұндай әдісті әйел құқығының бұзылуы деп санайтындарды «шайтанның қызметшілері» деп атады.

Сіз мұны әйелдер құқығын бұзу деп атай алуыңыз мүмкін, өйткені бұл сіздің демократиялық принциптеріңізге қайшы келеді, – дейді ол.

Хайбатулла Ахунзада бұл әрекетін Талибанның Батыс ықпалына қарсы күресінің жалғасы деп бағалады.

Талибанның жұмысы Кабулды басып алумен біткен жоқ, енді ғана басталды, – дейді «Талибан» қозғалысының жоғарғы көшбасшысы.

Заңгер әрі Ауғанстандағы «Әйелдердің үміт айнасы» құқық қорғау ұйымының жетекшісі Сафия Арефидің айтуынша, бұл мәлімдеме ауған әйелдерін 1990 жылдардағы Талибан билігінің ең зұлмат күндеріне қайтарады.

Қазір ауған әйелдерін құтқаратын ешкім жоқ. Халықаралық қоғамдастық әйелдер құқығының бұзылуына үнсіз қарап тұру жолын таңдады, – дейді Арефи.

Құқық қорғаушылар елдегі 14 миллион әйел мен қыздардың құқықтары толықтай жойылды деп есептейді.

Ауғанстандағы Human Rights Watch ұйымының мәліметінше, өткен жылдың өзінде Талибан тағайындаған судьялар 417 адамды жаппай ұрып-соғуға және өлім жазасына кесуге бұйрық берген. Олардың 57-сі әйелдер. 

Фото: theguardian.com

Байланысты жаналықтар

Көлік шығарумен айналысқан "Бипэк Авто-Азия Авто" иесі 9 жылға сотталды

16.04.2025

Абай облысында жаңа су қоймалары салынады

16.04.2025

"Асфальт қайда?": Халықаралық байқауда жеңіске жеткен оқушы желі жұлдызына айналды

16.04.2025

Депутат Қожаназаров өз ойын дұрыс жеткізу үшін орыс тілінде сөйлейтінін айтты

16.04.2025

"Орыстың да, кәрістің де тұсауын кестім". Депутат Мұқаев сынға жауап берді

16.04.2025

Ұлытау облысында Жеңістің 80 жылдығына қандай шаралар жоспарланған?

16.04.2025
MalimBlocks
Көлік шығарумен айналысқан "Бипэк Авто-Азия Авто" иесі 9 жылға сотталды

Абай облысында жаңа су қоймалары салынады

"Асфальт қайда?": Халықаралық байқауда жеңіске жеткен оқушы желі жұлдызына айналды

Депутат Қожаназаров өз ойын дұрыс жеткізу үшін орыс тілінде сөйлейтінін айтты

"Орыстың да, кәрістің де тұсауын кестім". Депутат Мұқаев сынға жауап берді

Депутат Дәулет Мұқаев бұған дейін тұсау кесемін деп хабарландыру жариялағаны үшін сынға қалған. Ол хабарландыруды не үшін таратқанын Мәжіліс кулуарында бұл жолы журналистерге түсіндіріп беруге тырысты

Ұлытау облысында Жеңістің 80 жылдығына қандай шаралар жоспарланған?

2025 жылы еліміз Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығын атап өтеді.