"Сақ болыңыздар". Алматы әкімі тұрғындарға үндеу жасады

WhatsApp мессенджерінде Алматы әкімі Ерболат Досаев пен әкімдік қызметкерлерінің атынан жалған хабарламалар тарап жатыр. Әкімдік бұл жағдайға қатысты үндеу жасады, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі.
"Бейтаныс адамдар +7 707 342 64 39 нөмірінен, сондай-ақ, басқа да нөмірлерден хабарлама жіберіп, қоңырау шалып жатыр. Алматы қаласы әкімдігі мұндай сипаттағы хабарламаларды таратпайды. Мұндай хабарламалар мен бейтаныс тұлғалардан келетін қоңыраулар – алаяқтық әрекеттер", - деп жазылған хабарламада.
Әкімдік азаматтарға мұндай хабарламаларға жауап бермеуге, күмәнді сілтемелерді ашпауға және жеке деректеріңізді таратпауға кеңес берді.
"Сақ болыңыздар, тек ресми ақпаратқа сеніңіздер. Егер мұндай хабарлама алсаңыздар, құқық қорғау органдарына хабарласыңыздар", - деп жазылған хабарламада.
Фото: pixabay.com

Ең көп оқылған
