Сарбаздарға темекі тұқылын жегізген әскери жазаланды

Сот 2 жыл бас бостандығын шектеу жазасын кесті

Malim Админ

  • 25.02.2025

Ақтаудағы 25744 әскери бөлімде сарбаздарға темекі тұқылын жегізген әскери қызметші лайықты жазасын алды. Мұндай пікірді Бас әскери прокурордың орынбасары Талғат Бекбергенов білдірді. Бұл туралы inform.kz хабарлады.

– Жаза тәртіпке қайшы әрекетке сай келеді. Мерзімді әскери қызметшіге қатысты билігін асыра пайдаланғаны үшін сотталды. Әскери сот мерзімді қызметтің екі сарбазына темекі тұқылын жегізіп, күш қолданған үшінші сыныпты сержантқа билігін асыра пайдаланғаны үшін 2 жыл бас бостандығын шектеу жазасын кесті. Ауыр салдардың болмауына және сотталушының жеке қасиетін ескерсек, оған тағайындалған жаза түзелуіне жеткілікті, - деді Талғат Бекбергенов Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Айта кетейік, бұл оқиға Ақтауда болғанымен, іс Ақтөбе әскери сотында қаралды. 

Сот взвод командирі Әділет Керімовті Қылмыстық кодекстің 451 бабы 1 бөлігімен айыпты деп танып, 2 жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады.

Фото: Максат Шағырбаев/Kazinform

Байланысты жаналықтар

Биыл мыңдаған қазақстандық әскери жиынға шақырылады

02.04.2025

Ресей Украинаға қаза тапқан 909 сарбаздың денесін қайтарды

28.03.2025

Литвада төрт америкалық сарбаз көз жұмды

26.03.2025

Қорғаныс министрлігі сарбаздарға кредиттік демалыс» беріп жатыр

06.03.2025

Cарбаз Ербаян Мұхтардың ісінде ешқандай күдікті жоқ - Бас прокуратура

25.02.2025

Тоқаев әскери қызметке шақыру туралы Жарлыққа қол қойды

13.02.2025
MalimBlocks
Биыл мыңдаған қазақстандық әскери жиынға шақырылады

Ресей Украинаға қаза тапқан 909 сарбаздың денесін қайтарды

Литвада төрт америкалық сарбаз көз жұмды

Қорғаныс министрлігі сарбаздарға кредиттік демалыс» беріп жатыр

Cарбаз Ербаян Мұхтардың ісінде ешқандай күдікті жоқ - Бас прокуратура

2023 жылдың желтоқсанында ауруханаға түскен сарбаздың ісі әлі жалғасып жатыр

Тоқаев әскери қызметке шақыру туралы Жарлыққа қол қойды