Шерзат Болаттың әпкесі Ұзынағаш изоляторында отыр. Оны депортациялауы мүмкін

Malim Админ

  • 19.12.2024

Талғардағы жанжал кезінде қаза тапқан жасөспірім Шерзат Болаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов жақында 15 тәулікке қамалды. Оның қарындасы Бақыт Реимоваға да «митингке үндегені үшін» деген айып тағылып, 15 тәулікке жабылды. Сонымен қатар Реимованы сот Қазақстаннан депортациялау жөнінде шешім шығарған. Бірақ адвокаты мұнымен келіспейтінін айтты.

Блогер Жан Ахмадиев адвокат Мейірман Шекеевтің пікірін сұраған екен. Ол қазір осы іспен айналысып жатыр.

– Бақыт қазір Ұзынағаштағы уақытша ұстау изоляторында отыр. Біз сол жерге барып қайттық. Апеляциялық шағымды дайындап қойдық. Оған Әкімшілік кодекстің 488-бабының 8-бөлігі бойынша айып тағылған. Яғни шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар жасаған әрекет бойынша қамауда отыр. Қазақстаннан депортациялау жөнінде жаза кесілген. Біз мұнымен келіспейміз. Қаулыда бірнеше заңбұзушылық бар. Бақытқа заңсыз демонстрация, пикетке үндеді деген айып тағылған. Бірақ заңдағы анықтамаға сәйкес мұндай заңсыз жиынға шақырудың ұйымдастырушысы болады. Реимованың ондай кінәсі дәлелденбеген. Сосын баласының құжатын сұратқан. Баласы Қазақстанда дүниеге келген. Бала мен ананы ажыратуға болмайды. Қазақстан ана мен баланы ажыратпауға міндетті. Сот осы халықаралық шартты өрескел бұзған. Бақыттың этникалық қазақ екені ескерілмеген. «Қандас» деген құжаты бар. Оларды депортациялауға болмайды. Өйткені баратын жері жоқ. Отаны – Қазақстан. Біз кінәсіздігін дәлелдеп, Қазақстанда қалдыруға тырысып жатырмыз, – дейді Мейірман Шекеев.

 

Байланысты жаналықтар

Жалған тіркеу схемасы әшкереленді: Маңғыстауда 75 төлқұжат пен мөр табылды

17.05.2025

Енді сарбаздардың психикалық жағдайы жасанды интеллектімен тексеріледі

16.05.2025

Астанада пранк жасап, жұртты шошытқан блогерлер қамауға алынды

16.05.2025

Перуашев КазТАГ мақаласына қатысты павлодарлық шенеуніктердің мәлімдемесін орынсыз деп атады

16.05.2025

Министр қыз алып қашқандарды 7 жылға дейін соттауды қолдады

16.05.2025

«Ломтадзе, халықтың алдына шық!»

15.05.2025
MalimBlocks
Жалған тіркеу схемасы әшкереленді: Маңғыстауда 75 төлқұжат пен мөр табылды

Енді сарбаздардың психикалық жағдайы жасанды интеллектімен тексеріледі

Астанада пранк жасап, жұртты шошытқан блогерлер қамауға алынды

Перуашев КазТАГ мақаласына қатысты павлодарлық шенеуніктердің мәлімдемесін орынсыз деп атады

Министр қыз алып қашқандарды 7 жылға дейін соттауды қолдады

«Ломтадзе, халықтың алдына шық!»