Шетелдіктер асырап алған тағы бір қазақ анасын іздеп, Қазақстанға келді

Жандос елге келген бойда өзі тәрбиеленген сәбилер үйіне барған

Арман Қайыпхан

  • 04.07.2024

Осыдан 17 жыл бұрын Канадаға кеткен Жандос Рейн Ақтауға келді, деп хабарлайды Malim.kz "Маңғыстау" облыстық телеарнасына сілтеме жасап.

Жандосты асырап алған әйел оның күтушісін бірден таныды. Әйелдің айтуынша, бала ол кезде 10 айлық болған. 

Кішкентай кезінен Жандосқа оны асырап алғанымызды айтып келдік. "Туған анасын көргісі келе ме, жоқ па?" оны өзі шешеді деп келдік. Ол Торонтода қазақ достарымен жиі кездесіп, араласып тұрады. 17 жасқа толғанда достары да анасын табуға кеңес берген. Біз оның ниетін қолдадық. "Шетелдегі қазақ балалары" бағдарламасының авторы Жанар Байсемізге хабарластық. Ол кісінің арқасында Жандостың анасын таптық. Кеше ғана Ақтауға келіп, Жандостың туған анасымен кездестік, - дейді Жандостың перзентханадағы медбикесі.

Жандос елге келген бойда өзі тәрбиеленген сәбилер үйіне барған. 

Анам менен көз жазып қалса да, тастап кетсе де оған өкпем жоқ. Анамды жазғырғым келмейді. Керісінше, болашаққа көз тастаймын, екеуміздің тағдырымыз сондай болды. Егер мені Канадаға алып кетпегенде, сол жақта өспегенде, қазіргі қырларым ашылмас па еді? Мені барлығы керемет қарсы алды. Менің халқым, ұлтым қонақжай екен, - дейді Жандос Рейн.

Итальян, француз, неміс тілдерінде ән салатын Жандос биыл консерваторияға қабылданған.

Фото: mangystautv.kz кадр

Байланысты жаналықтар

Канададағы қайғылы оқиға: Мерт болғандар саны 11-ге жетті

28.04.2025

Көлік бір топ адамды қағып кетті: полиция мәлімдеме жасады

27.04.2025

Қарағандыда асырап алған жетім балаларды қорлаған отбасы сотталып жатыр

25.04.2025

Парламент ғимаратында тосын жағдай болды

06.04.2025

Познер мен Қадыров Канаданың «қара тізіміне» енді

25.02.2025

Қытай құрамасындағы қазақ қызы Азиада алтынын жеңіп алды

11.02.2025
MalimBlocks
Канададағы қайғылы оқиға: Мерт болғандар саны 11-ге жетті

Көлік бір топ адамды қағып кетті: полиция мәлімдеме жасады

Қарағандыда асырап алған жетім балаларды қорлаған отбасы сотталып жатыр

Қарағандыда асырап алған жетім балаларды қорлаған отбасы сотталып жатыр

Парламент ғимаратында тосын жағдай болды

Канада астанасы Оттавада бір ер адам парламент ғимаратына кіріп, іштен бекініп алған

Познер мен Қадыров Канаданың «қара тізіміне» енді

Қытай құрамасындағы қазақ қызы Азиада алтынын жеңіп алды