Соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлері қанша зейнетақы алады?

Әлеуметтік төлемдердің жиынтық мөлшері 271 мың теңге

Malim Админ

  • 08.05.2025

Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлері қанша зейнетақы алады? Бұл сұраққа Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары Олжас Анафин жауап берді.


2025 жылғы 1 мамырға екінші дүниежүзілік соғыстың ардагерлері алатын әлеуметтік төлемдердің жиынтық мөлшері 271 мың теңге, осы соғыс кезінде тыл еңбегіне араласқандар алатын төлемнің жиынтық мөлшері 179 мың теңге болды, - деді вице-министр.

Сондай-ақ, ол биыл жергілікті әкімдіктер екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлеріне 5 млн теңге көмек бергенін еске салды.

Олжас Анафиннің сөзінше, жеңіске үлес қосқан басқа санаттағы азаматтарға да қолдау көрсетіліп жатыр. Атап айтқанда:

- Қоршаудағы Ленинград тұрғындарына – 60 мыңнан 200 мың теңгеге дейін (64 адам):

- Бұрынғы кәмелетке толмаған концлагерь тұтқындарына – 98 мыңнан 200 мың теңгеге дейін;

- Соғыста қайтыс болған мүгедектердің жұбайларына – 50 мыңнан 150 мың теңгеге дейін;

- Соғыста қаза тапқан жауынгерлердің жесірлеріне – 50 мың теңге;

- Тыл еңбеккерлеріне – 50 мыңнан 200 мың теңгеге дейін көмек көрсетіліп жатыр.

Ресми дерек бойынша, елімізде елімізде екінші дүниежүзілік соғыстың 105 ардагері қалған.

Фото: Қорғаныс министрлігі 

Байланысты жаналықтар

Қазақстандағы орташа зейнетақы мөлшері белгілі болды

14.04.2025

Қазақстанда зейнетақы өсетін болды

12.04.2025

Зейнетақы қалай өседі? Министрлік жауап берді

19.03.2025

Елдегі зейнетақы қоры 285 млрд теңге инвестициялық шығынға ұшырады

25.02.2025

Елімізде зейнетақы мен жалақы өседі

21.02.2025

Былтыр ШҚО-да 32,4 мың жұмыс орны ашылып, АӘК алушылар қатары азайған

07.01.2025
MalimBlocks
Қазақстандағы орташа зейнетақы мөлшері белгілі болды

Қазақстанда зейнетақының орташа мөлшері жарияланды

Қазақстанда зейнетақы өсетін болды

Зейнетақы қалай өседі? Министрлік жауап берді

2025 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны – 2 млн 455 мың адам.

Елдегі зейнетақы қоры 285 млрд теңге инвестициялық шығынға ұшырады

Елімізде зейнетақы мен жалақы өседі

Былтыр ШҚО-да 32,4 мың жұмыс орны ашылып, АӘК алушылар қатары азайған

Биыл зейнетақы төлемдері орта есеппен 8,5%-ға өскен