Сот Бишімбаевтың адвокаттары айтқан өтінішті қабылдаған жоқ

Бүгін Астанада экс-министр Қуандық Бишімбаевтың соты жалғасып жатыр. Бүгінгі сот отырысы бастала сала оның қорғаушылары БАҚ пен әлеуметтік желіде қылмыстық істің материалдары жарияланып жатыр деп, соттан шара қолдануды сұрады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Malim Админ

  • 03.04.2024

Оның адвокаттары 1 сәуір күні болған сот отырысында Бишімбаев пен оның туысқаны Бақытжан Байжанов арасындағы жазбалар сол күні сол қалпында БАҚ-та жарияланғанына қарсы шықты.

Оқи отырыңыз: «Ол өтірік!»: Бишімбаевтың бұрынғы әйелі экс-министрдің сотта айтқан сөзін жоққа шығарды

«Астрологияға қызықпаймын, сіз маған ұнап қалдыңыз»: Бишімбаев Нүкеновамен қалай танысқанын айтты

Әрбір сот отырысынан кейін осындай жазбалар жарияланады. Бұл қылмыстық істің құжаттары, сондықтан, осыған қатысты шара қолдануды сұраймын. Осы құжаттарды жариялаған адамдарға шара қолданыңыз. Бұл құжаттар тек зардап шегуші мен біздің қолымызда ғана бар. Одан басқа ешкім қол жеткізе алмайды. Біз осыған қатысты Астана қаласының покуратурасына шағым түсірдік. Соттан осыған қатысты шара қолдануды сұраймын, - деді адвокат.   

Бірақ, Салтанат Нүкенованың туыстары мен адвокаты, мемлекеттік айыптаушы сот отырысы тікелей эфирде өтіп жатқанын, сондықтан, бұл арыз негізсіз екенін айтты. Сот оларды қолдап, Бишімбаевтың қорғаушылары айтқан арызды қабылдаған жоқ.

Фото: Жоғарғы сот

Байланысты жаналықтар

Миллиард теңге жымқырған экс-шенеунік Қожағапанов 3 жылға сотталды

19.05.2025

Шерзат ісі: сотта адамшошырлық кадрлар көрсетілді

15.05.2025

Шерзат ісі: судья ескерту жасады

15.05.2025

20 штат Трамп әкімшілігін сотқа берді

14.05.2025

38 жыл бұрын қателікпен сотталған ер адам ақталды

14.05.2025

Әйгілі актер Жерар Депардье сотталды

13.05.2025
MalimBlocks
Миллиард теңге жымқырған экс-шенеунік Қожағапанов 3 жылға сотталды

Шерзат ісі: сотта адамшошырлық кадрлар көрсетілді

Шерзат ісі: судья ескерту жасады

20 штат Трамп әкімшілігін сотқа берді

38 жыл бұрын қателікпен сотталған ер адам ақталды

Әйгілі актер Жерар Депардье сотталды