Сот Мұратхан Тоқмəдидің өтінішін қараусыз қалдырды

Арман Қайыпхан

  • 16.01.2025

Мұратхан Тоқмәдидің жаза мерзімін қысқарту туралы өтінішін сот қараусыз қалдырды, деп хабарлайды Malim.kz Ulysmedia.kz-ға сілтеме жасап.

Қонаев қалалық соты Мұратхан Тоқмәдидің мерзімді қысқарту туралы өтінішін қарамау туралы шешім қабылдады.

Айта кетейік, Тоқмәди сот отырысына қатысудан бас тартып, өзінің өтінішін қараусыз қалдыруды сұраған.

Оның адвокатының айтуынша, бас прокуратурадан әлі күнге дейін жауап алынбаған. Сонымен қатар, Тоқмәди бұл өтінішті кейінірек қайта жолдауды жоспарлап отыр.

Еске сала кетейік, 26 шілдеде Қонаев қалалық соты Тоқмәдиді 2004 жылы банкир Ержан Тәтішевті өлтіргені үшін тағайындалған жазаның үштен екі бөлігін өтегеннен кейін шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы шешім шығарған.

Алайда марқұмның туыстары Тоқмәдидің шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтініші қаралғаны жайлы алдын ала хабарланбағанына наразылық білдірді.

Олардың айтуынша, жәбірленуші тарап сот отырысы туралы хабардар болып, өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік алуы керек еді. Алайда олар бұл шешім туралы тек БАҚ арқылы білген. Бұл жағдайды марқұмның туыстары әдейі жасалған әрекет деп бағалады.

Содан кейін Алматыда өткен баспасөз конференциясында 2004 жылы өлтірілген банкир Ержан Тәтішевтің ағасы Еркін Тәтішев бұл шешімді қате деп атап, апелляциялық сот оны түзетеді деп үміт білдірген еді.

23 тамызда Мұратхан Тоқмәдиді шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы апелляциялық соттың алғашқы отырысы өтті. Сол кезде жәбірленуші тараптың адвокаттары Тоқмәди негізсіз жеңіл жаза алғанын және оны толығымен өтеуі керек екенін мәлімдеді. Олар сот тергеуі басталғаннан бері және осы уақытқа дейін Тоқмәдидің марқұмның туыстарымен татуласуға ешқандай әрекет жасамағанын да айтты.

5 қыркүйекте сенат депутаты Жақып Асанов соттың әр тараптың пікірін ескеруі керек екенін атап өтті.

6 қыркүйекте Алматы облыстық сотында Мұратхан Тоқмәдиді шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы алғашқы сот шешіміне қарсы апелляциялық шағым бойынша кезекті отырыс өтті.

Коллаж Ulysmedia

Байланысты жаналықтар

Баласына алимент төлемеген әйел сотталып кетті

16.04.2025

Көлік шығарумен айналысқан "Бипэк Авто-Азия Авто" иесі 9 жылға сотталды

16.04.2025

Сот аумағынан қашқан күдікті ұсталды

14.04.2025

Жезқазғанда есірткі жарнамалаған ер адам сотталды

12.04.2025

"Есікті бұғаттап, шығармай қойған": Астанада қыздарға тиіскен такси жүргізушісі жауапқа тартылды

12.04.2025

Ыстамбұлдың экс-мэріне қатысты сот жазға қалдырылды

12.04.2025
MalimBlocks
Баласына алимент төлемеген әйел сотталып кетті

Көлік шығарумен айналысқан "Бипэк Авто-Азия Авто" иесі 9 жылға сотталды

Сот аумағынан қашқан күдікті ұсталды

Жезқазғанда есірткі жарнамалаған ер адам сотталды

Жезқазғанда ақшалай сыйақы үшін есірткіні жарнамалаған ер адам ұсталды

"Есікті бұғаттап, шығармай қойған": Астанада қыздарға тиіскен такси жүргізушісі жауапқа тартылды

"Есікті бұғаттап, шығармай қойған": Астанада жолаушы қыздарға тиіскен такси жүргізушісі 15 тәулікке қамалды

Ыстамбұлдың экс-мэріне қатысты сот жазға қалдырылды

Ыстамбұл мэрі Экрем Имамоғлуна қатысты сот процестері биылғы жазға шегерілді