Шоты бұғатталған: зейнеткер Шымкенттен Қарағандыға дейін 10 сағат жаяу жүрген

Зейнеткер Шымкенттен Қарағандыға дейін 10 сағат жаяу жүрген, себебі оның шоты бұғатталған, - деп хабарлайды Мalim.kz тілшісі Liter.kz-ке сілтеме жасап.
Басымылым мәліметінше, Қарағанды облысында зейнеткер жол жиегімен жаяу келе жатқан. Оның көлікке мінуге ақшасы болмаған. Жолда кетіп бара жатқан жүргізуші тоқтап, қарияның не себепті жаяу жүргенін сұраған.
"Қарт кісі Шымкенттен Қарағандыға жаяу кетіп бара жатқан. Себебі оның банк шоттары бұғатталған. Кейін белгісіз біреулер оның атына микронесие рәсімдеп жібергенін білдім", – делінген хабарламада.
Осы себепті зейнетақысы қолды болып, шоттары бұғатталып қалған.
"Мұндай жастағы адамның көмек сұрап, ақшасыз жалғыз жүргенін көру жүрекке ауыр тиеді", – деді зейнеткерге алғаш көмектескен Нұржан Махамбетов.
Айта кетейік, жолда кездейсоқ тоқтаған жүргізуші – Түркістан облысы Әділет департаментінің басшысы болып шыққан. Ол қарияға көмек көрсетіп, шоттағы шектеулерді алып тастауға көмектескен.
Фото: Видео кадры


Ең көп оқылған
