457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

СҚО-да ата-аналар баласын қазақ сыныбына бере алмай жүр

Солтүстік Қазақстан облысында ата-аналар баласын қазақ сыныбына бере алмай сенделіп жүр. Бұған себеп - өңірдегі мектеп тапшылығы. Мәселен, Белое ауылының оқушылары ана тілін үйрену үшін қалаға қатынауға мәжбүр

Солтүстік Қазақстан облысында ата-аналар баласын қазақ сыныбына бере алмай сенделіп жүр. Бұған себеп - өңірдегі мектеп тапшылығы. Мәселен, Белое ауылының оқушылары ана тілін үйрену үшін қалаға қатынауға мәжбүр, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі КТК арнасына сілтеме жасап. 

"Бізде қазақ сыныбы жоқ. Балам қалада балабақшаға барған, үш тілді біледі. Енді осы жерде оқуын бастапқыдан қазақ тілінде оқығанын қалаймын", - дейді ата-аналардың бірі.  

Өйткені Белое орта мектебінде қазақ сыныбын ашуға мүмкіндік жоқ. Себебі мұнда сабақ оқитын сегіз-ақ кабинет бар. Оның үстіне білім ордасындағы тарих кабинетінің төбесі майысып, опырылып түсуге шақ тұр. Сондықтан 116 оқушы мен отыз мұғалім көрші ауылдағы мектепке ауыстырылды. Ал ата-аналар 60 жыл бұрын қамыстан салынған ғимаратты сүріп, орнына жаңасын салып беруді талап етіп отыр.
Фото: pixabay.com