Су тасқыны: Өңірлердегі балалар сауықтыру орталықтарына жіберіліп жатыр

Мұнда сауықтырумен қатар оқу процесі де ұйымдастырылады.

Malim Админ

  • 07.04.2024

Ел аумағында 20 мыңнан астам білім саласының қызметкері су тасқынына ұшыраған өңірлерде белсенді жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды Malim.kz.

Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің ресми өкілі Мереке Амангелдіқызы мәлімдеді. 

Оқу-ағарту министрінің тапсырмасы бойынша 6 сәуірден бастап 11 балаларды сауықтыру орталықтарына зардап шеккен өңірлерден балаларды қабылдау басталды. Мұнда сауықтырумен қатар оқу процесі де ұйымдастырылады. Балаларды қабылдаудың алғашқы күнінде Ақмола облысындағы «Жас дәурен» балаларды сауықтыру орталығы 80-нен астам баланы қабылдады, - деді ведомствоның ресми өкілі ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, балаларды сауықтыру орталықтарына ұйымдасқан әрі қауіпсіз тасымалдаудың іс-қимыл алгоритмі әзірленді. 

Бүгінгі таңда 20 мыңнан астам білім саласының қызметкері волонтерлер қатарында су тасқынына қарсы іс-шараларға қатысуда. Оның ішінде 10 мыңнан астамы эвакуациялық пункттерде жұмыс істеп жатыр, - дейді ол. 

Еске салсақ, Су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және су тасқыны кезеңінің зардаптарын жою жөніндегі республикалық штаб жұмысының аясында 88 білім беру ұйымы төртінші тоқсанды қашықтан оқыту форматында бастағанын жазған болатынбыз.

Фото: Gov.kz

Байланысты жаналықтар

Қазақстан алғаш рет күнбағыс майының үздік 10 экспорттаушысы қатарына енді

15.05.2025

Қазақстанда толық автономды ЖИ жүйелеріне тыйым салынады

14.05.2025

Ақмола облысында су тасқынына жол берген ауыл әкімі сотталды

14.05.2025

Украина­ның Қазақстандағы бұрынғы елшісіне сот үкімі шықты

13.05.2025

Қазақстан мен БАӘ 5 млрд долларға жуық инвестициялық құжатқа қол қойды

12.05.2025

"Украинаға жұмыс істейді". Ресейде әйел курткасы үшін "экстремизм" күдігімен ұсталды

12.05.2025
MalimBlocks
Қазақстан алғаш рет күнбағыс майының үздік 10 экспорттаушысы қатарына енді

Қазақстанда толық автономды ЖИ жүйелеріне тыйым салынады

Бұдан бөлек, жоба жасанды интеллектті пайдаланудың кейбір түріне де тыйым салады