Су тасқыны: ТЖМ өңірлердегі ахуал жайлы ақпаратты жаңартты

Су тасқынына қарсы жұмыстарға 14 мыңнан астам адам жұмылдырылған.

Malim Админ

  • 04.05.2024

ТЖМ мәліметтері бойынша, апаттық-құтқару және су тасқынына қарсы жұмыстарға 14 мыңнан астам адам жұмылдырылған, деп хабарлайды Malim.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігінде су тасқынына байланысты Қазақстан өңірлеріндегі қазіргі жағдай туралы айтылды.

Шығыс Қазақстан облысы

Шығыс Қазақстан облысының Алтай ауданындағы су тасқыны жағдайы тұрақталған.

Барлығы 370 дана қап төселген. 1335 тонна инертті материалдар салынып, мотопомпалардың көмегімен 27 800 текше метр су сорылған. Жалпы, облыс бойынша өзендер сыни белгілердің деңгейінен аспайды, - хабарлады ТЖМ.

Атырау облысы

Атырау облысында жағалауды нығайту жұмыстары жалғасып жатыр.

Соңғы 5 күнде Құлсарыға 176 үйден су тартылып, айдалды. Қалған су басқан 180 үйді мотопомпалар мен қуатты жылжымалы сорғы станцияларын қолдана отырып, тәулік бойы айдау жұмыстары жүргізілуде, - делінген хабарламада.

Солтүстік Қазақстан облысы

Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл және Қызылжар аудандарында су басқан аумақтардан су айдау жалғасуда.

Республика бойынша 8 378 тұрғын үй мен 2 994 аула аумағынан су бұрылып, сорылды. 48 750 адам үйлеріне оралды.

Авариялық-құтқару және су тасқынына қарсы жұмыстарға барлығы 14 251 адам мен 1 428 бірлік техника, 239 су айдау құралы мен 75 жүзу құралы, 4 әуе кемесі жұмылдырылды, - деп хабарлады ТЖМ.

Фото: ТЖМ

Байланысты жаналықтар

Сейсмикалық ахуалды бақылау жөніндегі жедел штаб күндіз-түні жұмыс істеуге көшті

29.03.2025

Жамбыл облысында жер сілкінісінен 23 ғимарат зақымдалған

28.03.2025

Жамбыл облысының әкімі мен ТЖ министрі Тоқаевқа баяндама жасады

28.03.2025

ТЖМ жер сілкінісіне байланысты жедел штаб құрды

28.03.2025

Су тасқыны-2025. Қанат Бозымбаев ел батысындағы жағдаймен танысты

27.03.2025

Еліміздегі ірі су қоймаларынан су жіберу басталды

27.03.2025
MalimBlocks
Сейсмикалық ахуалды бақылау жөніндегі жедел штаб күндіз-түні жұмыс істеуге көшті

Жамбыл облысында жер сілкінісінен 23 ғимарат зақымдалған

Жамбыл облысының әкімі мен ТЖ министрі Тоқаевқа баяндама жасады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев пен Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әріновтің өңірдегі жер сілкінісінен кейінгі ахуал бойынша баяндамаларын тыңдады

ТЖМ жер сілкінісіне байланысты жедел штаб құрды

Жамбыл облысында 5 химиялық қауіпті нысан орналасқан.

Су тасқыны-2025. Қанат Бозымбаев ел батысындағы жағдаймен танысты

Еліміздегі ірі су қоймаларынан су жіберу басталды