Шымкентте ҚХА-ның «Ассамблея. Праламент. Мәслихаттар» жобасы аясында өндіріс озаттары марапатталды

Арман Қайыпхан

  • 27.09.2024

Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы мәслихат депутаттарымен бірге «Бал текстиль» ЖШС-нің  кілем өнеркәсіп ұжымын еңбек күні мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Malim.kz.

Сонымен қатар, ұжымда тынбай еңбек етіп жүрген еңбекқор, іскер техник-электрик Икрамжан Әлімжанұлы Мадазовты, техника қауіпсіздігі және еңбекті қорғау менеджері Ғабит Бимендіұлы Қоблановты, материалдық есепші Наталья Николаевна Советованы Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының Алғыс хатымен марапаттады.

Отандық өндірісті елімізде ғана емес, шетелде де дамытуға үлес қосып жүрген қарапайым жұмысшыларды Шымкент қалалық ҚХА төарағасының орынбасары Т. Нишанкулов,  мәслихат депуттаттары А. Нұрлыбаев,  А. Дубинина, корей этномәдени бірлестігі төрағасының орынбасары А.Вячеславович, татар-башқұрт этномәдени бірлестігінің төрағасы Ш. Игнатович құттықтады.

Сондай-ақ, Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының бөлім басшысы-ҚХА хатшылық меңгерушісі А.Әмзеева  еңбек күні мерекесінің маңыздылығы мен Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2 қыркүйекте Қазақстан халқына арнаған Жолдауында еңбек адамдарының мәртебесін көтеру және оларға лайықты құрмет көрсету мақсатында 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялағандығы туралы айтты.

Фото: Шымкент әкімдігі

Байланысты жаналықтар

14,9 мыңнан астам мүгедектігі бар адам жұмыспен қамтылды

13.05.2025

Украина­ның Қазақстандағы бұрынғы елшісіне сот үкімі шықты

13.05.2025

Руслан Берденов отадан кейін алғаш рет ел алдына шықты

12.05.2025

Лифтіде баланы пышақтаған жасөспірімге сот үкімі шықты

12.05.2025

Италия өңірін азат етуде қаза болған 36 қазақстандық жауынгер туралы білесіз бе?

12.05.2025

Алдағы үш күнде 44 градусқа дейін ыстық болады

12.05.2025
MalimBlocks
14,9 мыңнан астам мүгедектігі бар адам жұмыспен қамтылды

Украина­ның Қазақстандағы бұрынғы елшісіне сот үкімі шықты

Руслан Берденов отадан кейін алғаш рет ел алдына шықты

Лифтіде баланы пышақтаған жасөспірімге сот үкімі шықты

Италия өңірін азат етуде қаза болған 36 қазақстандық жауынгер туралы білесіз бе?

Алдағы үш күнде 44 градусқа дейін ыстық болады

Ауа температурасы бірте-бірте көтеріледі