Танымал блогер зорлау айыбы бойынша 5 жылға сотталды

Сот процесі жабық режимде өтті

Арман Қайыпхан

  • 18.06.2024

Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы танымал қаржы саласы бойынша блогер Думан Ерқанатқа қатысты қылмыстық істі қарады, деп хабарлайды Malim.kz Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Сот процесі жабық режимде өтті. Бұған дейін бірінші сатыдағы соттың үкімімен Ерқанат зорлау айыбы бойынша кінәлі деп танылып, оған 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған болатын.

"Апелляциялық саты бірінші сатыдағы сот үкімінің күшін жойып, ақтау үкімін шығарған. Қылмыстық іс материалдарын зерделеген алқа Ерқанаттың кінәсі дәлелденді деп таныды. Қорғаушы тараптың дәлелдері жиналған дәлелдемелермен жоққа шығарылады", - делінген сот хабарламасында.

Заң талаптарына байланысты басқа ақпарат ұсынылмайды. Жоғарыда айтылғандардың негізінде кассациялық алқа ақтау үкімін бұзып, бірінші сатыдағы соттың айыптау үкімін күшінде қалдырды.

Зорлау айыбына іліккен блогер Instagram-дағы парақшасында оқиғаға арнап жазба жариялаған. Оның айтуынша, оқиға болған түні қыздың өзі төсекке ыңғай танытқан, ал бірнеше сағаттан кейін ол полицияға шағымданатын айтып, блогерден ақы талап еткен.

Фото: Instagram/duman_neo

Байланысты жаналықтар

ҰҚК халықаралық есірткі жеткізу арнасын жойды

10.05.2025

Банк қызметкерлерінің үстінен алаяқтықпен байланысты 61 іс тергеліп жатыр

10.05.2025

Мәсімов туралы 72 беттік зерттеу. Экс-шенеунік Наполеонның хаттарын қалай сатып алды?

07.05.2025

Шерзат Болаттың ісі: Күдіктілер ұстаған қарудың қайдан шыққаны анықталып жатыр

06.05.2025

Шерзат Болат ісі: судья прокурорды ауыстыруға қатысты шешім қабылдады

06.05.2025

Сот отырысында Шерзат Болатқа кімнің пышақ салғанын айтты

06.05.2025
MalimBlocks
ҰҚК халықаралық есірткі жеткізу арнасын жойды

Банк қызметкерлерінің үстінен алаяқтықпен байланысты 61 іс тергеліп жатыр

Клиентке биометриялық сəйкестендіру жəне ЭЦҚ құралдары бір мезгілде қолданылған кезде ғана шарт жасасуға рұқсат етіледі

Мәсімов туралы 72 беттік зерттеу. Экс-шенеунік Наполеонның хаттарын қалай сатып алды?

Мәсімовтің делдал арқылы "Қазақтелеком" акциясына қалай иелік еткені де айтылады

Шерзат Болаттың ісі: Күдіктілер ұстаған қарудың қайдан шыққаны анықталып жатыр

Оқиға орнына қаруды кім әкелгені әлі белгісіз болып тұр

Шерзат Болат ісі: судья прокурорды ауыстыруға қатысты шешім қабылдады

Сот отырысында Шерзат Болатқа кімнің пышақ салғанын айтты