Тасқынды алдын ала болжайтын жүйе іске қосылды

Tasqyn 2025 жылдың су тасқыны кезеңіне соңғы болжамды наурыз айының басында береді.

Malim Админ

  • 18.02.2025

Елімізде Tasqyn су тасқынын болжау және модельдеу жүйесі өндірістік қолданысқа берілді. Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов су тасқыны кезеңіне дайындық мәселелері бойынша аппарат кеңесін өткізді.

Бүгінде өзендердің 128 учаскесіндегі 142 су бекеті бойынша су тасқынын модельдеу жүргізіледі. «Қазсушар» филиалдары мен бассейндік инспекциялардың 114 маманы су бекеттері бойынша деректерге күнделікті талдау жасайды және оны жүйеге енгізеді.

Tasqyn жүйесі жаһандық GloFAS су тасқыны жөнінде ескерту жүйесіне біріктірілген. Tasqyn 2025 жылдың су тасқыны кезеңіне соңғы болжамды наурыз айының басында береді.

«Су тасқынына ел ішіндегі дайындықтан бөлек, біз көрші мемлекеттердегі әріптестерімізбен де тұрақты байланыстамыз. Ақпарат алмасу жедел жүреді.  Көктемгі су тасқынын қабылдауға қоймаларда бос орын дайындау үшін су тастау жұмысы жалғасып жатыр. Бүгінгі таңда еліміздің су қоймалары 13 млрд текше метр су қабылдай алады», - деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Фото: Су ресурустары және ирригация министрлігі

Байланысты жаналықтар

Абай облысында үш адамды су тасқыны алып кетті

16.04.2025

Қай облыстарда су тасқыны болуы мүмкін?

15.04.2025

Ақмола облысында елді мекендерге баратын жол су тасқынына байланысты жабылды

04.04.2025

Перизат Қайраттың анасы да күдікті деп танылды

03.04.2025

Су тасқыны-2025. Қанат Бозымбаев ел батысындағы жағдаймен танысты

27.03.2025

Еліміздегі ірі су қоймаларынан су жіберу басталды

27.03.2025
MalimBlocks
Абай облысында үш адамды су тасқыны алып кетті

Қай облыстарда су тасқыны болуы мүмкін?

Төтенше жағдайлар вице-министрі Кеген Тұсынбаев Үкіметтегі брифингте су тасқынының келесі кезеңі қай облыстарда күтілетінін айтты

Ақмола облысында елді мекендерге баратын жол су тасқынына байланысты жабылды

Перизат Қайраттың анасы да күдікті деп танылды

ҚМА мән-жайды айтты.

Су тасқыны-2025. Қанат Бозымбаев ел батысындағы жағдаймен танысты

Еліміздегі ірі су қоймаларынан су жіберу басталды