Telegram арқылы есірткі таратқандар 7 жылға сотталды

Астанада бір топ адам аса ірі мөлшерде психотропты заттарды заңсыз сақтап, оны сатпақ болғаны үшін сотталды, деп хабарлайды Malim.kz.
Қалалық соттың мәліметінше, 2024 жылғы шілдеде А. «Telegram» мессенджерінде «Б» есімді анықталмаған тұлғамен хат жазысып, одан Астана қаласының аумағында психотроптық заттардың нақты геолокациясы бар хабарлама алып, сол арқылы анықталмаған адаммен алдын ала сөз байласқан.
«Одан ары, ол алдын ала сөз байласқан адамдар тобымен, үйінің жанында, өзімен бірге 4 түйіншекпен психотропты затты заңсыз сақтаған, сонымен қатар сотталушы қойылған белгі бойынша, жалпы салмағы 10,89 гр болатын а-PVP психотропты затының 19 түйіншегін, аса ірі мөлшерде өткізу мақсатында сөмкесіне сақтаған.
Оның кінәсі куәлердің айғақтарымен, сараптамалардың қорытындыларымен, бейнежазбамен және қылмыстық істің басқа да материалдарымен дәлелденді.
Прокурор бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Сотталушы өз кінәсін ішінара мойындады», - делінген хабарламада.
Сот үкімімен ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігінің санкциясы мүлкі тәркіленіп, 7 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.
«Сотпен сотталушының жауапкершілігі мен жазасын жеңілдететін және ауырлататын мән-жайларды анықталмады.
Сот үкімімен А. ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігінің 1,3) тармақтарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ», - дейді Астана қалалық сотының хабарламасында.
Фото: depositphotos.com