Тимур Сүлейменов: Көше бойындағы валюта бағамдарының таблолары 90-жылдардан қалған дәстүр

Арман Қайыпхан

  • 11.04.2025

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов көше бойына орнатылған валюта бағамдарын көрсететін таблолардан бас тартуды ұсынды, деп хабарлайды Malim.kz.

«90-жылдары көптеген адамдар алып-сатарлықпен айналысты. Ақша ауыстырып, Қытайға немесе басқа жаққа бару керек болды. Сол кезде доллар кеңінен қолданылды, ұлттық валютаның күрт құнсыздануы мен инфляцияның жоғары болуына байланысты долларлану өте жоғары болды. Ол кезде адамдарға күнделікті валюта бағамын білу қажеттігі туындады. Қазір ондай жағдай жоқ», – деді ол.

Оның айтуынша, мемлекет, бизнес пен қоғам бірлесіп долларсыздандыру бағытында үлкен жұмыс атқарған.

«Біз депозиттерді долларсыздандыра алдық. Мысалы, 7-8 жыл бұрын депозиттердің 70%-ы доллармен сақталса, қазір бұл көрсеткіш 22%-ды ғана құрайды. Барлық маркетплейстер, жарнамалар, бағалар – барлығы теңгемен көрсетіледі», – деді ол.

Тимур Сүлейменов валюта таблоларын көшеде іліп қоюдың қазіргі уақытта маңыздылығы жоқ екенін былай түсіндірді:

«Онда барлық дүкендер сүт – 450, нан – 150, картоп – 300 деген сияқты бағалар жазылған табло іліп қойсын. Бұлар да күнделікті тұтынатын тауарлар ғой. Мен де, мысалы, картопты қай жерде 300-ге, қай жерде 350 немесе 280-ге алуға болатынын білгім келеді. Бірақ ешкім бұлай істемейді».

Сөзінің соңында ол бүгінде адамдар көше аралап, табло іздеп жүрмейтінін, бәрі де банк қосымшалары арқылы бағамды смартфоннан қарайтынын атап өтті.

Фото: Malim.kz

Байланысты жаналықтар

Ұлттық банк 15 мамырға арналған валюта бағамын белгіледі

15.05.2025

14 мамырға арналған валюта бағамы

14.05.2025

Елімізде доллар тағы арзандады

13.05.2025

Ұлттық банк өкілдері Тоқаев алдында есеп берді

13.05.2025

"Самұрық-Энерго" АҚ тобынан 199 млрд теңгеге тиімсіз шығын анықталды

13.05.2025

13 мамырға арналған валюта бағамы

13.05.2025
MalimBlocks
Ұлттық банк 15 мамырға арналған валюта бағамын белгіледі

14 мамырға арналған валюта бағамы

Елімізде доллар тағы арзандады

Ұлттық банк өкілдері Тоқаев алдында есеп берді

"Самұрық-Энерго" АҚ тобынан 199 млрд теңгеге тиімсіз шығын анықталды

13 мамырға арналған валюта бағамы