Тоқаев Алматы әкімі Ерболат Досаевқа бірқатар тапсырма берді

Арман Қайыпхан

  • 16.10.2024

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Алматы қаласының биылғы 9 айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуының алдын ала қорытындысы баяндалды, деп хабарлайды Malim.kz.

Ерболат Досаевтың айтуынша, есепті кезеңде қысқамерзімді экономикалық индикатор 104,1 пайызды құрады. 2024 жылы Алматының өңірлік жалпы өнімі 5,5 пайыз деңгейіне жетіп, келесі жылы 6,4 пайызға дейін өседі деп болжанып отыр.

Биылғы 9 айдың қорытындысы бойынша негізгі капиталға 1 133 миллиард теңге инвестиция тартылып, өсім 8,1 пайызға жеткен. Жыл соңына дейін 2 триллион теңге инвестиция тартылады.

Президентке жергілікті бюджет кірістері 27,2 пайызға артқаны жөнінде мәлімет берілді. Бұл Алматы қаласын 2025 жылға дейінгі дамыту бағдарламасы және 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективалары аясында басымдық берілген жобаларды қаржыландыру көлемін ұлғайтуға мүмкіндік берді. Жыл басынан бері қала бюджеті 204,5 миллиард теңгеге артып, 1828,5 миллиард теңгені құрады.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, шағын және орта бизнесті өркендетуге ден қоя отырып, экономиканы әртараптандыру жұмыстары жалғасады. Кәсіпкерлік субъектілер саны 6,2 пайызға өсіп, 361,1 мыңға жетті. Жыл қорытындысы бойынша Алматының өңірлік жалпы өнім көрсеткішіндегі шағын және орта кәсіпкерлік үлесі 60 пайызға дейін артады.

Президент тапсырмасын орындау мақсатында қаланың дамуын сапалы қамтамасыз етуге және тиімді бақылауға арналған Қала құрылысы регламенті, Құрылыс жүргізу ережесі және Тұрғын үйді реновациялау бағдарламасының жаңа жобасы әзірленді. Өзгерістер жыл соңына дейін қалалық мәслихаттың сессиясында бекітіледі.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа биыл денсаулық сақтау инфрақұрылымын жаңғыртуға арналған бюджет 2,5 есе өсіп, 26,3 миллиард теңгеге жеткені туралы есеп берілді. Тамыз айында еліміздегі алғашқы Ерте араласу орталығы ашылды. Бұл мекеме ведомствоаралық іс-қимылды үйлестіріп, балалар арасындағы мүгедектікті төмендетумен шұғылданады.

Әкімнің айтуынша, басым бағыттың бірі – инженерлік инфрақұрылымды жаңарту. Есепті кезеңде 219 шақырым сумен жабдықтау және су тарту желілері салынып, қолданыстағы 27,3 шақырым желі жаңартылды. Бұдан бөлек, 66 шақырым электрмен жабдықтау желісі реконструкцияланды.

Мемлекет басшысына Алматының жасыл желегін көбейту жөніндегі тапсырмасының орындалу барысы баяндалды. Оған күтім жасау үшін 110 шақырым тамшылатып суару жүйесі орнатылған. Жыл соңына дейін саябақтардың ауданы 996 гектарға дейін кеңейеді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев кездесу соңында қала экономикасындағы шағын және орта бизнес үлесін арттыру, транспорт құрылымын дамыту және қоғамдық көліктерді экологиялық талаптарға сәйкестендіру, сондай-ақ инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымды сапалы жаңғырту жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.

Фото: Ақорда

Байланысты жаналықтар

Орал қаласында танысын өлтірген тұрғын 9 жылға сотталды

18.10.2024

Шымкентте соңғы жылдары жол құрылысы қарқын алған

18.10.2024

Қазақстандағы жұмыссыздардың көбі – әйелдер

17.10.2024

Рамазан – 2025. Қасиетті мереке қашан басталады?  

17.10.2024

Бокстан әлем чемпионатына баратын спортшылар белгілі болды

16.10.2024

Енді алаяқтық жолмен рәсімделген несиені банктер өзі өтейтін болады

16.10.2024
MalimBlocks
Орал қаласында танысын өлтірген тұрғын 9 жылға сотталды

Шымкентте соңғы жылдары жол құрылысы қарқын алған

Жыл соңына дейін жолдың жақсы және қанағаттанарлық жағдайын 71,2 пайызға жеткізу жоспарланып отыр

Қазақстандағы жұмыссыздардың көбі – әйелдер

Әйелдер арасындағы жұмыссыздықтың ең жоғары деңгейі Жетісу, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарында және Алматы қаласында тіркелген

Рамазан – 2025. Қасиетті мереке қашан басталады?  

Рамазан-мұсылмандардың рухани тазарып, қайырымдылыққа үлес қосатын,  иманын бекемдейтін діни мерекесі

Бокстан әлем чемпионатына баратын спортшылар белгілі болды

Енді алаяқтық жолмен рәсімделген несиені банктер өзі өтейтін болады