Үкімет Риддердің жылу желілерін жөндеу үшін резервтен 2,4 млрд теңгеден астам қаражат бөлді

Республиканың жылу көздері мен жылу желілерін кешенді түрде жаңғырту мәселесі ҚР Үкіметінің тұрақты бақылауында.

Malim Админ

  • 17.05.2024

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Үкімет еліміздің жылумен жабдықтау жүйесін кешенді түрде жаңғырту жұмыстарын жүргізіп жатыр. Премьер-министр Олжас Бектенов Риддердегі жұмыстарды күшейту үшін Үкімет резервінен қосымша қаражат бөлу туралы қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Malim.kz.

Өткен жылы Риддердің жылу желілерінде жүргізілген жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары олардың тозу деңгейін 78,8%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік берді. Алайда, бұл тұрғындарды жылумен үздіксіз қамтамасыз ету үшін әлі де жеткіліксіз. Жалпы алғанда, өткен жылыту маусымында жылу желілерінде 25 технологиялық бұзушылық фактісі тіркелді, соның салдарынантұтынушылар үшін шектеулер енгізілді. Кейінге қалдыруға болмайтын қажетті шұғыл жұмыстарды ескере отырып, ҚР Үкіметі резервінен Риддер қаласының «Водоканал» ШЖҚ МКК жылу желілерін күрделі жөндеуге 2,4 млрд теңгеден астам қаражат бөлді.

Бұл олардың тозу деңгейін жарамды көрсеткіштерге дейін жеткізуге және қысқы кезеңге дайындығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. 50-ден астам учаскеде жұмыстар жүргізілмек.

Естеріңізге сала кетейік, бір айдан аз уақыт бұрын Премьер-министр Кентау, Риддер және Қызылорда қалаларының жылу көздерін реконструкциялауға қаражат бөлу туралы қаулыларға қол қойған болатын. Атап айтқанда, Риддер жылу электр орталығының технологиялық жабдықтары мен инфрақұрылымына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге 4,9 млрд теңге бөлінді.

Жалпы алғанда, жылумен жабдықтау жүйесін жаңғырту жұмыстары аясында Астана, Алматы, Шымкент, Атырау, Өскемен, Қарағанды, Ақтау, Тараз, Петропавл, Павлодар, Жезқазған, Ақтөбе, Екібастұз, Степногорск, Рудный, Балқаш және Ақсу қалаларында 10 энергия блогын, 55 қазандықты және 45 турбинаны жөндеу жоспарланып отыр.

Республиканың жылу көздері мен жылу желілерін кешенді түрде жаңғырту мәселесі ҚР Үкіметінің тұрақты бақылауында.

Фото: infor.kz

Байланысты жаналықтар

Колледждерге берілетін қаржы екі есе артады

06.05.2025

Қазақстанның жері Қытайға сатылғаны рас па? Үкімет жауабы

28.04.2025

Қазақстан сұйытылған газды экспорттауға тыйымды ұзартты

27.04.2025

Еліміздегі жерлеу қызметі қымбаттады

25.04.2025

Бозымбаев Семей орманындағы өртке қарсы жұмыстарды тексерді

25.04.2025

Көшербаев FIBA өкілдерімен кездесті

24.04.2025
MalimBlocks
Колледждерге берілетін қаржы екі есе артады

Қазақстанның жері Қытайға сатылғаны рас па? Үкімет жауабы

бұл - жалған ақпарат

Қазақстан сұйытылған газды экспорттауға тыйымды ұзартты

Еліміздегі жерлеу қызметі қымбаттады

Бозымбаев Семей орманындағы өртке қарсы жұмыстарды тексерді

Көшербаев FIBA өкілдерімен кездесті

FIBA - Халықаралық баскетбол федерациясы