Украинадағы соғыс әлемді қалай өзгертті? 20 мысал

Sunday Times басылымы Украинадағы соғыстан әлемде өзгеріп кеткен 20  жағдайды, яғни, ядролық қару қорқынышынан футбол жанкүйерлерінің уайымына дейінгі өзгерістерді түгендеп шығыпты.

Айбек Ережеп

  • 26.12.2022

Британия басылымының Еуропа істері жөніндегі редакторы Питер Конрадтың сараптамасын bbcrussian сайтынан алып, назарларыңызға ұсынып отырмыз.
Сонымен, автордың жазуынша:

  • Путин мен Ресейді әлсіретті (Автордың жазуынша,  24 ақпанға дейін Путиннің беделі мықты сияқты еді, бірақ, соғыстағы сәтсіздіктерінен тығырықтан шығар дұрыс жол таппаған және соның кесірінен көптеген саладағы ықпалынан жұрдай болған);
  • Ядролық соғыс қорқынышын қайта оралтты;
  • Соғыстың болашақтағы келбеті қандай болмағын көрсетті (Бұл соғыс бір жағынан – спутник интернеті мен дрон сияқты заманауи технологияның, екінші жағынан – жертас соғысы мен артиллериялық атқылау секілді ескі дәстүрлі амалдың маңызын түсіндірді);
  • Тайванға көңіл аудартты (Ресей әрекеті «Қытайдың бұлқынып тұрған аралға ендігі саясаты қандай болады? Басып алуға күш сала ма, әлде, ресми Бейжің жүз мәрте ойлана ма?» деген сұрақты тудырған);
  • Ұлыбританиядағы инфляцияның өсуіне және наразылықтың көбеюіне әсер еткен (Энергетика тұтыну бағасы өсіп, соның әсерінен басқа да тауарлар қымбаттаған);
  • 14 миллионнан астам украиналықтың үйін тастап кетуге мәжбүрлеген;
  • Жаңа орыс диаспорасын құрғызған (Басылымның жазуынша, соңғы 10 айда Ресейден кеткен адам саны, 1917 жылғы революция кезінде кеткендерден әлде қайда көп);
  • Африкада аштықтың басталу қауіпін күшейткен (Ресей Украина бидайы экспортының жолын соғыстың алғашқы бес айында жауып отырып алды);
  • Ресей экономикасын байланыссыз, адасқан күшіктей жұртта қалдырды  (Газеттің жазуынша,  осы жылы батыс  санкциясынан орыс экономикасы 4,5 пайзыға қысқарады);
  • Ресейде не болып жатқаны туралы ақпаратты алуды әлде қайда қиындатып жіберді (Елден шетел журналистерін қуып шықты ал,  тәуелсіз басылымдардың үнін өшірді);
  • "Жасыл" технология мен ядролық энергияның ауқымын кеңейтуді көбірек ойлауға итермеледі (Автордың жазуынша, бұл газ бағасының қымбаттауынан);
  • НАТО-ның мығым болуына әсер етті (Басылым бұл ойын НАТО-ның Ресей агрессиясына қарсылық көрсетуде және ұйым мүшелігіне Швеция мен  Финляндияның қосылуында бір ұстанымда болғанымен түсіндіреді);

  • Харизмалы тұлғалардың қажеттігін көрсетті (Мақалада Владимир Зеленский әлемдегі жетекші лидердің біріне айналғаны және көптеген мемлекеттердің қолдауына ие болғаны, ал украиналықтардың әлеуметтік желідегі пропогандалық соғыста жеңіске жетіп жатқандары айтылған);
  • Германия  әскери бюджетіндегі шектеуді жойып жіберді  (Автордың жазуынша, Украинадағы соғыстың әсерінен канцлер Олаф Шольц Германияның әскери бюджетін радикалды түрде көбейткен. Бұрын бұл бюджетті көбейтуге табу, яғни, тиым бар еді);
  • Қару шығаратындарды көл-көсір табысқа кенелтті (Басылымның ойынша, әсіресе АҚШ пен Еуропа қару өндірушілері табысқа белшеден батқан, өйткені, соғыс ресейдікінен гөрі батыста шыққан қарудың мықтылығын көрсеткен);
  • Украинадағы ұлттық бірлікті күшейткен (Украинаның өзінде соғыс басталғалы Ресейге деген көзқарас мүлдем өзгерген, ал, әлем енді екі мемлекетті бірінен бірін шатастырып қарамайды);
  • Спорт, ғылым, өнер сияқты салаларда Ресей басқа мемлекеттермен байланысын үзіп алды;
  • Арктикада қырғи-қабақ соғыстың басталу ықтималдылығын арттырды;
  • Әуе жолдарын ұзартып жіберді (қазір ресейдің әуе кеңістігенде батыс әуекомпанияларына жол жабылған. Соның кесірінен, бұрын соғысқа дейін Лондон мен Токио арасына ұшу 12 сағат болған болса, қазір айналма жол 14 сағат);
  • «Челси» футбол клубына жаңа қожайын тауып берді  («Челсидің» бұрынғы қожайыны  ресейлік Роман Абрамович  клубты мамыр айында 4,25 млрд фунтқа сатуға мәжбүр болған).
@malimkz
Байланысты жаналықтар

Трамп пен Путин Украина бойынша 2 сағаттан астам сөйлесті

19.05.2025

Зеленский Анкараға жетті

15.05.2025

Путин мен Трамп Украина бойынша келіссөздер жүргізу үшін Ыстамбұлға бармайтын болды

15.05.2025

Стамбұлдағы келіссөзге Ресейден кім баратыны әлі белгісіз

14.05.2025

Зеленский Ыстамбұлға барады - БАҚ

12.05.2025

Путин Кемел Тоқаевты марапаттады

09.05.2025
MalimBlocks
Трамп пен Путин Украина бойынша 2 сағаттан астам сөйлесті

Зеленский Анкараға жетті

Путин мен Трамп Украина бойынша келіссөздер жүргізу үшін Ыстамбұлға бармайтын болды

Стамбұлдағы келіссөзге Ресейден кім баратыны әлі белгісіз

Зеленский Ыстамбұлға барады - БАҚ

Путин Кемел Тоқаевты марапаттады