Халық санағы – 2025: Науқан қалай өтеді?

1-31 тамыз аралығында онлайн-санақ болады

Malim Админ

  • 24.07.2024

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, ұлттық санақ 2025 жылдың 1 тамызынан 20 қазанына дейін өткізіледі. Сол жылдың 15 мамырынан маусым айына дейін қалалық жерлерде саяжайлар мен бақша учаскелері бойынша алдын ала аралау жоспарланған. Ал сауалнама 13-15 күн ішінде өткізіледі.

Статистика департаментінің ұлттық санақ өткізу басқармасының басшысы Әсел Сәрсекова брифинг барысында Қазақстанда пилоттық ауыл шаруашылығы санағы өткізілетінін хабарлады.

«Негізгі сауалнаманы аумақтық бөлімшелердің қызметкерлері жүргізетін болады. Біз пилоттық жобаға сұхбат алушыларды тартпаймыз, сауалнаманы өз күшімізбен жүргіземіз. Сауалнама қалалық жерлерде 13 күн ішінде, ауылдық жерлерде 15 күн ішінде жүргізілетін болады», - деді ол.

«1-31 тамыз аралығында онлайн-санақ болады: респонденттер сайтта санақ парақтарын өз бетінше толтыра алады. Содан кейін 20 күн ішінде деректерді өңдеу бойынша жұмыс жүргізілетін болады», - деді Ә.Сәрсекова.

Одан әрі - 20 қыркүйектен 20 қазанға дейін - үй шаруашылықтарынан сауалнама алынады.

Бюро мәліметінше, Қазақстандағы қазақтардың саны — 13,4 млн болып, қазақтардың үлесі 70,4% дейін өскен. Сонымен қатар елімізде қала тұрғындарының үлесі 5 пайыздық тармаққа өсті – 56,1%-дан 61,2% -ға дейін. Тиісінше, ауыл халқының үлесі 43,9%-дан 38,8%-ға дейін азайды. Сондай-ақ 2009 жылғы санақтан бері Қазақстан халқы 20% өсті. 

Фото: newtimes.kz

Байланысты жаналықтар

Қазақстан мен БАӘ 5 млрд долларға жуық инвестициялық құжатқа қол қойды

12.05.2025

"Украинаға жұмыс істейді". Ресейде әйел курткасы үшін "экстремизм" күдігімен ұсталды

12.05.2025

Италия өңірін азат етуде қаза болған 36 қазақстандық жауынгер туралы білесіз бе?

12.05.2025

Мұнай бағасы құлдырады. ОПЕК+ Ресейді дағдарысқа әкеле ме?

10.05.2025

Қазақстан спорт рейтингінде қай орынға жайғасты?

09.05.2025

Си Цзиньпин келесі айда Қазақстанға келеді

09.05.2025
MalimBlocks
Қазақстан мен БАӘ 5 млрд долларға жуық инвестициялық құжатқа қол қойды

"Украинаға жұмыс істейді". Ресейде әйел курткасы үшін "экстремизм" күдігімен ұсталды

Италия өңірін азат етуде қаза болған 36 қазақстандық жауынгер туралы білесіз бе?

Мұнай бағасы құлдырады. ОПЕК+ Ресейді дағдарысқа әкеле ме?

АҚШ, Бразилия, Иран сияқты елдер өндірісті ұлғайтып отыр

Қазақстан спорт рейтингінде қай орынға жайғасты?

Си Цзиньпин келесі айда Қазақстанға келеді