«Жаназасын оқымау керек». Танымал имам асабаларды жазалауды ұсынды

Ол тойлардағы түрлі ойындар мен әзілдердің шектен шыққанын айтады.

Сабина Асқарқызы

  • 27.05.2024

Имам Жарқын Мырзатаев кәсіби боксшы Айдос Ербосынұлына берген сұхбатында той жүргізген асабалардың шектен шығатын ойындары мен әзілдері туралы айтты, деп хабарлайды Malim.kz.

Имамның айтуынша, асабалар адал табыс табуға тырысуы керек.

Мұны талай айтып келе жатырмыз. Өнер жолындағы адамдар, асабалар кейде шектен шығып жатыр. Өкінішке қарай, асабалар қазақтың қыздарын жерге аунатып, масқара қылып жатыр. Оны ұялмай жарнамалап, желіге салады. Кеше ғана бір қыз тойда билеп жатып, іш киімі түсіп қалды. Біреуінде екі жігітті отырғызып, алдына қызды жатқызады. Ал сол екі жігіт қыздың кеудесін басып, пианино сияқты ойнап жатыр. Қыздар да, асаба да риза. Осылай ойнап жатқан қыздың әкесі, ағайыны бар шығар. Оны неге желіге шығарып, мақтанып жатыр. Сондай асабаларға ескерту жасайтын ақсақалдар жоқ па?, - дейді имам Жарқын Мырзатаев.

Ол кейбір асабалар мен өнер иелерінің дінге деген көзқарасына тоқталды.

Имамдар, молдалар деп әзіл айтады. Осы нәрсе қайдан шығып жатыр? Қазақты жүзге, руға бөлуге болмайды. Сосын намазхан, бейнамаз деп бөліп жатыр. Асабалар бас қосқанда осы нәрсені ақылдасу керек. Табысты адал табайық. Құлқынымыз үшін әртүрлі надан, пасық әрекеттерге бармайық деп айту керек. Көпшілігі кіші қажылыққа барып келіп, күнәләрінен тазарады. Бірақ келген соң тағы баяғы әрекеттерін жасайды. Өнер адамдары қажылыққа барып, жылап, дұға етіп жүреді. Бірақ келген соң сол баяғы маймыл боп жүреді, - дейді имам.

Сондай-ақ имамдарға тиіскендерді қалай жазалау керегін айтты.

Имамдарға, хайп қуып дінге тиісетіндердің жаназасын оқымай қойса екен. 1-2 сондай адамның жаназасын оқымай қойса, қалғандары тәубесіне келер ме еді?, - деді Жарқын Мырзатаев.

Фото: видеодан скрин

Байланысты жаналықтар

Шымкенттік 39 жастағы әйел оныншы баласын дүниеге әкелді

13.11.2024

Қоғам белсендісі Серікжан Біләш саясаттан кететінін айтты

08.11.2024

Маңғыстауда 11 баланың анасы Tik-Tok-тағы видеосы үшін сотталды

08.11.2024

«5-6 бала туып тастайды»: Танымал психолог әйелдердің жыл сайын бала туатынына қарсы шықты

05.11.2024

Қоғам белсендісі Макс Боқай Нұрбанк басшылығына келуі мүмкін

01.11.2024

«Босанғаннан кейін айтайын»: Айгүл Иманбаева сүйінші жаңалығын жария етеді

01.11.2024
MalimBlocks
Шымкенттік 39 жастағы әйел оныншы баласын дүниеге әкелді

Көпбалалы келіншек 19 жасында тұрмысқа шыққан

Қоғам белсендісі Серікжан Біләш саясаттан кететінін айтты

Ол әлеуметтік желіде бейнежазба жариялады

Маңғыстауда 11 баланың анасы Tik-Tok-тағы видеосы үшін сотталды

Әйелге 3 жыл бойы әлеуметтік желілерді пайдалануға тыйым салынды

«5-6 бала туып тастайды»: Танымал психолог әйелдердің жыл сайын бала туатынына қарсы шықты

Ол тек 3 бала туу керегін айтады

Қоғам белсендісі Макс Боқай Нұрбанк басшылығына келуі мүмкін

«Босанғаннан кейін айтайын»: Айгүл Иманбаева сүйінші жаңалығын жария етеді

Өнер иесі ұлының тойын дүркіретіп тойламақ