Журналист Айбар Олжай Бас прокуратураға Марғұлан Тұрсыновқа қатысты арыз тапсырды

Журналист және PR менеджер Айбар Олжай әлеуметтік желіде жариялаған жазбасында ZTB паблигінің иесі Марғұлан Тұрсыновтың үстінен Бас прокуратураға арыз жолдағанын хабарлады.
Оның пікірінше, Тұрсыновтың "они более образованные, ответственные и стабильные" деген формулировкасы бір ұлтты басқа ұлттан жоғары қоюға ұқсайды. Бұл тұжырым "превосходство арийской расы" идеологиясына ұқсас болып, Гитлер фашизмі негіздеген ұстаныммен үндес келеді.
Айбар Олжайдың айтуынша, бұл жағдай Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 174-бабын бұзу болуы мүмкін. Осы себепті журналист Бас прокуратураға қажетті мәліметтерді қосып, ресми арыз тапсырған.
Құзырлы орган бұл мәселені өз бетінше тексеруі немесе Ішкі істер министрлігіне жіберуі мүмкін екені айтылды.
Осы оқиға қоғамда бір ұлтты жоғары қоюға қарсы заңнаманың орындалуын қамтамасыз ету мәселесін тағы да күн тәртібіне шығарды. Мәселе талқыға түскен бетте Марғұлан Тұрсынов әлеуметтік желідегі жазбасын алып тастады деген хабар тарады.
Фото: instagram.com/margulan_tursynov/


Ең көп оқылған
