Журналистке «жыны келген» шенеунік жаңа қызметке келді

Malim Админ

  • 14.09.2020

Тікелей Тоқаевқа бағынатын агенттіктің төрағасы тағайындалды.

Бүгін Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы тағайындалды. Бұл туралы МӘЛІМ КЗ Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Жаңа агенттіктің жаңа төрағасы - Серік ЖҰМАНҒАРИН.
«С.М. Жұманғаринды Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Төрағасы қызметіне тағайындау туралы Серік Мақашұлы Жұманғарин Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Төрағасы болып тағайындалсын», - делінген мемлекет басшысының бұйрығында.

Президент Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ биылғы жолдауында аталған агенттікті құру туралы тапсырма берген. Және оның не үшін керектігін айтқан.
«Президентке тікелей қарасты Бәсекелестікті қорғау және дамыту жөніндегі агенттік құруды тапсырамын. Тең бәсекелестікті дамытуда экономиканы мемлекет иелігінен шығару маңызды рөл атқарады. Орталық мемлекеттік органдардың, әкімдіктер мен холдингтердің меншігінде 7 мыңға жуық ұлттық нысан бар. Бірақ «Мемлекеттің шаруаны жақсы жүргізе алмайтыны» аксиомаға айналған тәрізді», - деді Президент.

Бұған дейін Серік МАҚАШҰЛЫ Еуразиялық экономикалық комиссияның алқа мүшесі, Ұлттық экономика вице-министрі болып қызмет еткен. Жұманғарин журналистерге жыны келетін шенеунік болып таңылған. 2019 жылы тілші Арай СҮГІРБАЙ ұлттық экономика вице-министріне тарифтер туралы сұрақ қойған еді. Шағын және орта бизнес жайлы ғана айтамын деген шенеунік әріптесімізге «жынымды келтірмеңізші» деп дөрекілік танытқан еді.

Фото: platon.asia

Байланысты жаналықтар

Баласына алимент төлемеген әйел сотталып кетті

16.04.2025

Көлік шығарумен айналысқан "Бипэк Авто-Азия Авто" иесі 9 жылға сотталды

16.04.2025

Абай облысында жаңа су қоймалары салынады

16.04.2025

"Асфальт қайда?": Халықаралық байқауда жеңіске жеткен оқушы желі жұлдызына айналды

16.04.2025

Депутат Қожаназаров өз ойын дұрыс жеткізу үшін орыс тілінде сөйлейтінін айтты

16.04.2025

"Орыстың да, кәрістің де тұсауын кестім". Депутат Мұқаев сынға жауап берді

16.04.2025
MalimBlocks
Баласына алимент төлемеген әйел сотталып кетті

Көлік шығарумен айналысқан "Бипэк Авто-Азия Авто" иесі 9 жылға сотталды

Абай облысында жаңа су қоймалары салынады

"Асфальт қайда?": Халықаралық байқауда жеңіске жеткен оқушы желі жұлдызына айналды

Депутат Қожаназаров өз ойын дұрыс жеткізу үшін орыс тілінде сөйлейтінін айтты

"Орыстың да, кәрістің де тұсауын кестім". Депутат Мұқаев сынға жауап берді

Депутат Дәулет Мұқаев бұған дейін тұсау кесемін деп хабарландыру жариялағаны үшін сынға қалған. Ол хабарландыруды не үшін таратқанын Мәжіліс кулуарында бұл жолы журналистерге түсіндіріп беруге тырысты