Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Оралда жоғалып кеткен бала базардан табылды

Қоғам
Оралда жоғалып кеткен бала базардан табылды
Фото: ІІМ

Оралда 28 желтоқсан күні түстен кейін Зашаған ауылында жоғалып кеткен 12 жасар Елнар Самиголланы іздеу жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды Malim.kz.

Жергілікті полиция қызметкерлері баланы Орталық базар маңынан тапты.

«Бала аман-есен табылып, ата-анасына тапсырылды», - деп хабарлады Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Бұған дейін Елнардың үйінен таңғы сағат 9:00 шамасында шығып, қайтып оралмағаны хабарланған болатын. Кәмелетке толмаған баланың әкесі полицияға хабарласқан, содан кейін іздеуге төтенше жағдайлар қызметі, еріктілер және жергілікті тұрғындар жұмылдырылған. 

Іздеуге полиция, төтенше жағдайлар қызметі және еріктілер қатысты. Іздеу түні бойы жалғасты.

Бала бүгін сағат 11:40 шамасында Орталық базар маңынан табылды. Полиция баланың жағдайы қанағаттанарлық екенін, денсаулығына ешқандай қауіп төніп тұрмағанын және отбасы бұрын профилактикалық бақылауда болмағанын хабарлады.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу