freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

«Өртеп жіберген»: Ақсуда әйел адамның мәйіті табылды

Оқиға
«Өртеп жіберген»: Ақсуда әйел адамның мәйіті табылды
iStockphoto.com

Павлодар облысында әйел адамның мәйіті жантүршігерлік жағдайда табылды, деп хабарлайды Malim.kz. 

Марқұмның мәйіті табылған сәт түсірілген видео әлеуметтік желіде жарияланды. Мәліметтерге сүйенсек, мәйіт аймақтағы ферроқорытпа зауытынан бірнеше шақырым жерде табылған. Сол сияқты марқұмның өлер алдында зорланған болуы мүмкін екені және мәйітін өртеп жібермек болғаны айтылды.

Оқиғаға қатысты агенттік тілшісі Павлодар облысының Полиция департаментіне ресми сауал жолдады.

«Әйелді өлтіру дерегі бойынша Ақсу қаласында қылмыстық іс қозғалды. Полиция күдіктіні ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр», – делінген облыстық ПД-ның жауабында.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу