Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

"Орыс үйлері": тыңшылардың ордасы ма, мәдени ошақтар ма?

Әлем
"Орыс үйлері": тыңшылардың ордасы ма, мәдени ошақтар ма?
© "Орыс үйінің" Молдова астанасы Кишиневтегі іс-шарасы. Facebook

Соңғы кездері медиада әлемнің әр түкпіріндегі "Орыс үйі" ("Русский дом") ұйымдарына қатысты жанжалды мәліметтер қылаң беріп жүр. Басылымдарда бұл ұйымның - Ресейдің жырақтағы "отандастармен мәдени байланыстан" тыс әрекеттері туралы жазылып тұрады.

"Орыс үйінің" ("Русский дом") - мақсаты не?

Ұйымның мақсаты оның сайтында айқын жазылған. Мысалы, Молдовадағы өкілдігінің сайтында, ұйым:

  • Отандастардың Ресей Федерациясына ерікті көшуіне қолғабыс қылатыны;
  • Мәдениет пен өнер, білім мен ғылым салаларында әріптестік орнататыны;
  • Орыс тілін үйренуге ықпал ететіні;
  • халықтық дипломатияны өркендететіні

нақты жазылған. 

Дегенмен, аталмыш ұйым әлемдік басылымдарда өзінің декларацияларына сай емес әрекеттерге қатысты тілге тиек етіліп жатады.

Мысалы, биыл ақпанда Бакуде "Орыс үйі" жергілікті биліктің талабымен жабылды. Report басылымының мәліметінде, "Әзербайжан бұдан әрі қарай сыртқы күштердің ел өміріне араласуына төзбейді" делінген. Бұған қоса, Әзербайжандағы осы "Орыс үйіне" жиі келетіндердің бірі - бұрын Ресейдің пайдасына тыңшылық жасады деген айыппен істі болған Назакят Мамедова екені туралы дерек келтірілген. Алайда, Баку тарапы ұйымды жабу себебін тек "тіркеуі болмағасын" деп түсіндірген.

Сонымен бірге, "Орыс үйлері" түрлі уақытта - Румынияда, Молдовада жабылды. Ресей тарапы болса, "Орыс үйлерінің" жабылуын қастандық деп есептейтіндерін жеткізді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу