Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

"Өседі! Маңызды жаңалық!" – 2026 жылдан бастап зейнетақыға қанша қосылады?

Экономика
"Өседі! Маңызды жаңалық!" – 2026 жылдан бастап зейнетақыға қанша қосылады?
pixabay.com

Қазақстанда 2026 жылдан бастап зейнетақы мен жәрдемақы 10,5 пайызға ұлғаяды, деп хабарлайды Malim.kz.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, бұл өсім 2,6 миллионнан астам зейнеткерді және 2,3 миллионға жуық жәрдемақы алушыны қамтиды.

Министрлік келтірген деректерге сүйенсек, 2026 жылы әлеуметтік төлемдерге жалпы 6,8 триллион теңге бөлінеді. Бұл – 2025 жылмен салыстырғанда 860,5 миллиард теңгеге артық. Оның ішінде 622,6 миллиард теңге – төлемдердің мөлшерін көбейтуге, ал 237,9 миллиард теңге – алушылар санының артуына бағытталмақ.

Базалық зейнетақы да ең төменгі күнкөріс деңгейінің өзгеруіне сәйкес қайта есептеледі.

Ведомство Президент тапсырмасына сай базалық зейнетақыны кезең-кезеңімен арттыру саясаты жалғасатынын атап өтті.

2023 жылдан бері базалық зейнетақының ең төменгі мөлшері күнкөріс деңгейінің 70 пайызына, ал ең жоғарғысы 120 пайызына жеткен болатын.

2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап бұл көрсеткіш тағы өсіп, базалық зейнетақының ең жоғары көлемі күнкөріс деңгейінің 118 пайызына тең болмақ.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу