freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Өскеменде аспалы көпір құлап, онға жуық адам зардап шекті

Оқиға
Өскеменде аспалы көпір құлап, онға жуық адам зардап шекті
Өскемен қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Өскеменде аспалы көпірлердің бірі құлап, 8 адам зардап шекті, деп хабарлайды Malim.kz Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап. 

Аталған оқыс оқиға 7 мамыр күні сағат 20:30 шамасында Өскемен қаласындағы Карбышев көшесінде болды. Оқиға кезінде көпір үстінде 8 адам, оның ішінде төрт кәмелетке толмаған жасөспірім болған.

Өскемен қаласы әкімдігінің мәліметінше, оқиға орнына жедел түрде төтенше жағдайлар қызметі мен жедел жәрдем бригадасы жетті. Зардап шеккендер дәрігерлердің тексеруінен өтті. Ауыр жарақаттар тіркелген жоқ, тек жеңіл сырылып, көгергені анықталды.

«Қазіргі уақытта зардап шеккендердің барлығына қажетті медициналық көмек көрсетілуде. Жағдай Шығыс Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасының бақылауында. Алдын ала мәлімет бойынша, оқиғаға балалардың көпірді тербетіп ойнауы себеп болған. Кәмелетке толмағандар конструкцияны шайқағандарын мойындаған, соның салдарынан көпір төсеміне зақым келген», - деп жазылған әкімдік хабарламасында.

Қазіргі уақытта көпір келушілер үшін уақытша жабылады. Биыл облыс әкімінің тапсырмасымен «Самал» саябағын қайта жаңғырту жұмысы жоспарланған. Жоба аясында аспалы жаяу жүргіншілер көпірінің конструкциясын жаңарту және күшейту қарастырылған. Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жөндеу жұмыстары басталғанға дейін және толық аяқталғанға дейін нысанға кіру шектеледі.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу