Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Өскеменде теракт жайлы жалған хабарлама таратқан тұрғын жауапқа тартылды

Қоғам
Өскеменде теракт жайлы жалған хабарлама таратқан тұрғын жауапқа тартылды

Департаменттің мәліметіне сүйенсек, белгісіз ер адам тәртіп сақшыларына қоңырау шалған. Өз сөзінде ол Өскемен қаласында терракт дайындалып жатқаны туралы жеткізген.

Полицейлер дереу сол жерге барған. Алайда тексеруден кейін бұл ақпараттың жалған екені анықталды. Орынсыз әзілдеген мас күйдегі 51 жастағы қала тұрғыны болып шықты, - делінген ақпаратта.

Мамандандырылған қызметтерді көрінеу жалған шақырғаны үшін ер адамға 30 АЕК мөлшерінде (110 760 теңге) айыппұл салынды.

Осы ретте, ведомство өкілдері қоғамдық резонанс пен ықтимал салдарларды ескере отырып, мұндай бұзушылықтар үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын, ол бойынша 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделгенін ескертеді.

Фото: BAQ.KZ

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу