freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Өскемендегі кәсіпорындардың бірінде жарылыс болды

Оқиға
Өскемендегі кәсіпорындардың бірінде жарылыс болды
видеодан скрин

Өскемен қаласында орналасқан кәсіпорын аумағында апат болды, деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.

Ведомство дерегіне сәйкес, шаң сүзу цехындағы құрылғыда газ бен ауа қоспасы жарылып, соның салдарынан өрт шығып, ғимараттың бір бөлігі опырылған. Әлеуметтік желіде жарылыстың видеосы таралып жатыр.

Оқиға орнына Төтенше жағдайлар қызметі келіп, жұмыс істеп жатыр. Оперативтік штаб құрылды. Қазір мамандар зардап шеккендердің бар-жоғын тексеріп жатыр, — делінген хабарламада.

Бұдан бұрын Өскемен әуежайы жоғары баға үшін жауапкершілікке тартылғанын жаздық.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу