freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

"Өзінің ары мен абыройы алдында...": Бердібек Сапарбаевтың ұлы әкесі туралы ел естімеген жайтты айтты (ФОТО)

Қоғам
"Өзінің ары мен абыройы алдында...": Бердібек Сапарбаевтың ұлы әкесі туралы ел естімеген жайтты айтты (ФОТО)
ашық дереккөзден

Танымал мемлекет және қоғам қайраткері Бердібек Сапарбаевтың ұлы Жансұлтан Сапарбаев Instagram парақшасында жеке ойын бөлісті, деп хабарлайды Malim.kz.

Ол әртүрлі пікірге, сын мен келіспеушілікке түсіністікпен қарайтынын айтты.

"Мен сынға қалыпты қараймын. Әртүрлі көзқарас пен пікір алуандығы – табиғи құбылыс. Адамдардың ойы әрқалай болуы заңды", – деп жазды ол.

Алайда өмірден өткен адамға бағытталған жеккөрінішті пікірлер оны ойландыратынын жасырмады.

"Марқұм адамға айтылатын хейтті көрген сайын тоқтап, терең ойға батамын. Бұл енді жай ғана пікір емес, адамның ішкі күйін көрсететін құбылыс. Ашуы, өкпесі немесе ішкі бос кеңістігі бар жанның көрінісі", – дейді Жансұлтан.

Оның пікірінше, қайтыс болған адамға тіл тигізу – сол адам туралы емес, оны айтқан жанның болмысын танытады.

"Марқұмға жаман сөз айту – қоғам алдындағы емес, өз ар-ожданы алдындағы сынақ. Бұл – адамгершіліктің емтиханы", – деп түйіндеді ол.

Бердібек Сапарбаев туралы

Бердібек Мәшбекұлы Сапарбаев 1953 жылы дүниеге келген. Алматы халық шаруашылығы институтын бітірген. Әр жылдары Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарын басқарды.

2014-2015 жылдары Премьер-министрдің орынбасары қызметін атқарды. 2019 жылы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалып, кейін қайтадан Премьер-министрдің орынбасары лауазымына келді.

2020 жылдың ақпанынан 2022 жылдың сәуіріне дейін Жамбыл облысының әкімі болды. Соңғы кезеңде QazBioPharm ұлттық холдингі АҚ директорлар кеңесінің төрағасы қызметін атқарды.

Айта кетейік, Бердібек Сапарбаев 71 жасында өмірден өтті.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу