Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Павлодар облысында кәсіпорын директоры әйелін бірнеше жыл бойы ұрып-соққан

Қоғам
Павлодар облысында кәсіпорын директоры әйелін бірнеше жыл бойы ұрып-соққан

«Горкомхоз - Ақсу» ЖШС директоры Ринат Ихиенов әйелі мен баласына бірнеше жыл бойы зорлық-зомбылық көрсетіп келген, деп хабарлайды Malim.kz.

Azattyq-ruhy.kz бұл туралы «НеМолчи» қоғамдық қорының басшысы Дина Таңсәрі айтқанын, оған осындай мазмұнда хат келгенін жазды.

Хат мәтіні бойынша, Ақсу кәсіпорнының директоры Ринат Ихиенов деген кәсіпкер бірнеше жыл бойы әйелі мен баласына зорлық көрсетіп келген. Оның полиция мен денсауық сақтау саласында таныстары болған. 26 мамырда бизнесмен әйелін қатты сабаған, басынан жұдырықтаған, телефонмен ұрған, салдарынан жәбірленуші жабық ми жарақатын алып, есінен танып құлайды.

Түнде ол ес-түсін білмейтін әйелін ауруханаға апарады. Өзінің танысы, полиция қызметкері Арсамак Тохтиевті шақырады. Тохтиев зорлық құрбанына көмектесудің орнына ер адамның жағына шығып, әйелді қайтадан күйеуінің қолына тапсырады. 28 мамырда полицей жәбірленушіні қорғау ұйғарымын шығарған. 30 мамырды Ринат Ихиеновке тек ескерту беріледі.

Фото: видеодан скрин

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу