freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Павлодар облысында жоғалған жасөспірім аман табылды

Қоғам
Павлодар облысында жоғалған жасөспірім аман табылды
Фото: ТЖМ

Павлодар облысында жоғалған кәмелетке толмаған баланы іздестіру операциясы сәтті аяқталды, деп хабарлайды Malim.kz.

Оқиға Шолақсор көлі маңында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, 2010 жылы туған жасөспірім сағат 16:00 шамасында балық аулауға шығып, қайта оралмаған.

Іздеу жұмыстарына Екібастұз қаласы ТЖБ қызметкерлері, кинологиялық есептоп және полиция қызметкерлері жұмылдырылды.

Құтқарушылардың жедел әрі үйлесімді әрекеттерінің нәтижесінде жасөспірім қысқа уақыт ішінде табылып, аман-есен құтқарылды. Оның өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ.

ТЖМ су айдындары маңында қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауды және балаларды қараусыз қалдырмауды ескертеді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу