Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Педагогика ғылымдарының докторы Күләш Құнантаева өмірден озды

Қоғам
Педагогика ғылымдарының докторы Күләш Құнантаева өмірден озды

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының 1968–1984 жылдарғы ректоры, педагогика ғылымдарының докторы, академик, профессор Құнантаева Күләш Құнантайқызы өмірден озды, деп хабарлайды Malim.kz оқу ордасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Күләш Құнантайқызы 1931 жылғы 4 наурызда Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданында дүниеге келген. 1952 жылы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының Филология факультетін бітірген. Қазақстан әйелдерінің арасынан шыққан тұңғыш педагогика ғылымдарының докторы. 1966 жылы «Некоторые внеучебные трудовые и образовательные объединения учащихся Казахстана» тақырыбында кандидаттық және 1981 жылы «Развитие женского образования в Казахстане (1920-1975)» тақырыбында докторлық диссертациясын қорғады.

1968–1984 жылдары Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтын ең ұзақ уақыт басқарған білікті ректор. 16 жыл аралығында Күләш Құнантайқызы оқу орнын жаңа деңгейге көтерді. Сол кезеңде заман талабына сай оқу ғимараттары мен үш жатақхана салынып, пайдалануға берілді.

Сонымен қатар 1200 адамды бір мезгілде тамақтандыратын асхана, кітапхана мен спорт кешендері іске қосылды. Күләш Құнантайқызының тікелей ықпалымен 80 пәтерлік тұрғын үй салынып, баспанасыз жүрген институт қызметкерлері мен мұғалімдеріне берілді. Жаңадан 12 зертхана ашылды, сондай-ақ студенттер контингенті 3600-дан 6200-ге жетті, факультеттер саны 4-тен 6-ға, кафедралар саны 19-дан 28-ге артты.

Отандық педагогика ғылымының дамуына сүбелі үлес қосқан көрнекті ғалым, ұлағатты ұстаз Күләш Құнантайқызы – еліміздің жоғары білім беру саласының дамуында өз қолтаңбасын қалыптастырған қайраткер.

Фото: Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу