Алматы облысы прокурорының орынбасары мен Талғар ауданының прокуроры қызметінен босатылды
Қылмыстық процесте заңдылықты қадағалау бойынша жұмыста елеулі кемшіліктердің болған
16 жастағы Шерзаттың өлімінен кейін Алматы облысында шенеуніктер жұмыстан аластатылып жатыр. Бас прокурордың 18 қазандағы бұйрығымен Алматы облысы прокурорының орынбасары Саян Бакиров пен Талғар ауданының прокуроры Ескендір Бекманов қызметінен босатылды.
«Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 18 қазандағы бұйрығымен Алматы облысы прокурорының орынбасары С. С. Бакиров пен Талғар ауданының прокуроры Е. К. Бекманов атқаратын лауазымдарынан босатылды», - делінген Бас прокуратура хабарламасында.
Қылмыстық процесте заңдылықты қадағалау бойынша жұмыста елеулі кемшіліктердің болуы негіз болды.
Еске салайық, бұған дейін Талғар әкімі Бақыт Күрішбеков, Талғар әкімінің орынбасары Матан Сағындық, сондай-ақ Талғар ауданы әкімі аппаратының басшысы Аслан Қасымбаев қызметтерінен босатылған болатын.
Фото: gov.kz