Алматыда Қаңтар құрбандарының туыстары мен белсенділер алаңға жиналды

Алматыдағы Республика алаңында Қаңтар құрбандарын еске алды

  • 05.01.2023
Алматы қаласы, Республика алаңы, 05.01.2022ж. / Screenshot 

Алматы қаласында бірнеше белсенді Қаңтар құрбандарын еске алуға жиналды. «Азаттық» сайтының жазуынша, жиынға Рысбек Сәрсенбайұлы, Болат Әбілов, Еркін Рақышев, Әлнұр Илияшев бастап, 50-ге жуық адам жиналған. Жиналғандар құрбандарға дұға бағыштап, бейбіт халыққа оқ атқандардың әлі де жазасын алмағанын, қантөгістің тергелмей жатқанын айтқан.

Республика алаңында полиция өкілдері де болған. Бірақ, жиналғандарға кедергі жасамаған. Белсенділер бұл жиын туралы Алматы қалалық әкімдігіне хат жолдағанмен, әкімдік рұқсат бермепті.

"Власть" сайты Республика алаңында жүрген белсенділердің резолюция қабылдағанын жазады. Жиналғандар 2022 жылғы Қаңтар оқиғасы - халықтың әлеуметтік теңдікке қарсылық, саяси өзгерістер үшін күрес, авторитарлы отбасылық билік жүйесіне қарсылық, мемлекеттік сатқындардан, ұры-қарылар мен жемқорлардан қорғау үшін қарсы шыққан адамдардың күресі екенін және 2022-нің қаңтарында 238 адам оққа ұшып, 4 мыңнан астам адам жарақат алғанын, ондаған мың адам қуғынға ұшырағанын айтады. Олар Қаңтар қантөгісін әділ тергеуді, жазықтан-жазықсыз қамалғандарды босатуды, адамдарға оқ атқандарды жазалауды, қаза болғандар мен туыстарына өтемақы төлеуді талап етеді.

Республика алаңына тағы бір топ – Қаңтар құрбандарының туыстары да жиналған. Олар жақында ашылған «Тағзым» мемориалына келіп, гүл шоқтарын қойып, Қаңтар құрбандарының тізімі жазылған төрт плакат ілген. Бірақ, полиция бұл плакатты Қаңатр құрбандарының туыстары кеткен соң алып тастаған.

Бұл топты Алматы әкімдігі арнайы шақырыпты. Мешітке баратындарын, құрбандардың рухына арнап мал сойып, құран бағыштап, ас берілетінін айтып, автобустарға отырғызып алып кеткен.

Қаңтар оқиғасы былтыр жаңа жылдан кейін Жаңаөзенде газдың қымбаттауына байланысты басталып, бұл 4 қаңтардан бастап бірнеше қалада ірі ереуілге ұласқан.

Байланысты жаналықтар

Тоқаев Мәжіліс төрағасы Қошановты қабылдады

16.04.2025

Тоқаев «Яндекс Global» компаниясының бас директорын қабылдады

16.04.2025

Тоқаев экономика мәселелеріне қатысты жұмыс отырысын өткізді

16.04.2025

Лавровқа қатаң жауап: саясаттанушы Тоқаевтың ұстанымы мен халықаралық хаос туралы айтты

15.04.2025

Тоқаев заңға қол қойды: шетелдік легионерлерге қаржы бөлінбейді

15.04.2025

Тоқаев Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасын қабылдады

15.04.2025
MalimBlocks
Тоқаев Мәжіліс төрағасы Қошановты қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады

Тоқаев «Яндекс Global» компаниясының бас директорын қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Яндекс Global» компаниясының бас директоры Даниил Шулейконы қабылдады

Тоқаев экономика мәселелеріне қатысты жұмыс отырысын өткізді

Астанада Қауіпсіздік кеңесінің жұмыс отырысы өтті

Лавровқа қатаң жауап: саясаттанушы Тоқаевтың ұстанымы мен халықаралық хаос туралы айтты

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың аумақ тұтастығы туралы ұстанымына қарсы екенін айтқан еді. Саясаттанушы Ғазиз Әбішев бұл мәселеге қатысты пікір білдірді

Тоқаев заңға қол қойды: шетелдік легионерлерге қаржы бөлінбейді

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт, сондай-ақ артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды

Тоқаев Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасын қабылдады

Мемлекет басшысы Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасы Николай Подгузовты қабылдады