Арман Шураев қамалды

Кәсіпкер, қоғам қайраткері, президент жанындағы ұлттық қоғамдық кеңестің бұрынғы мүшесі Арман Шураев "төтенше жағдай кезінде көрінеу жалған ақпарат таратты" деген күдікпен қамауға алынды. Бұл туралы Алматы қаласының полиция департаменті хабарлады.
"А.Шураев әлеуметтік желіде шындыққа келмейтін көрінеу жалған ақпаратты бірнеше мәрте таратты. Шураев сол әрекеті арқылы қоғамдық тәртіпті бұзу және төтенше жағдай кезінде қоғам мен мемлекет мүддесіне зиян келтіру қаупін туғызды. Ол қылмыстық кодекстің 128-бабына сәйкес ұсталып, уақытша қамау абақтасына қамалды. Тергеу жалғасып жатыр", - делінген хабарламада.
Осыдан бір күн азаматтық белсенді Әлнұр Ілияшев те дәл осындай айып бойынша күдікке ілініп, қамауға алынған болатын.
Фото: camonitor.kz
Байланысты жаналықтар
MalimBlocks
Верните деньги! Бывшие силовики собрались на митинги
Бывшие сотрудники силовых структур, вышедшие на пенсию с 2016 года, требуют установить им базовые пенсионные выплаты. Властям они припоминают, что во время подготовки к ЭКСПО-2017 их просили передать в бюджет 50% от своих пенсионных отчислений на нужды выставки.