Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Бектенов сейсмологиялық ахуалды тұрақты мониторинг жасауды тапсырды

Саясат
Бектенов сейсмологиялық ахуалды тұрақты мониторинг жасауды тапсырды

Бүгін Үкімет отырысында Премьер-Министр Олжас Бектенов Алматыдағы жер сілкінісі бойынша түсініктеме берді.

«Қазір болған жағдайды есептеу-бағалау жұмыстары жалғасуда. Төтенше жағдайлар министрлігі елдегі сейсмологиялық ахуалға тұрақты мониторингті қамтамасыз етуі керек. Күштер мен құралдар сақадай сай болуға тиіс. Сондай-ақ Төтенше жағдайлар министрлігі еліміздің таулы аймақтарында сел және лай көшкіні жүру қауіпіне қатысты тиісті мониторингті қамтамасыз етуі керек. Төтенше жағдай қаупі туындаған кезде шұғыл әрекет ету шараларын қабылдау керек», - деді Премьер-Министр.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу