Билік Ресейге жалтақтамай өз халқына арқа сүйесін
Саясаттанушы Шалқар НҰРСЕЙІТ қазақ жеріне таласқан Ресей депутаттарының мәлімдемесі жайлы өз пікірін білдірді. Бұл туралы Malim.kz Жаңа Алаш Youtube-каналына сілтеме жасап хабарлайды.
«Ресей қаупі барлық кезде де болған. Оны біз тарихтан білеміз. Бірақ үнемі қорқынышта өмір сүруге болмайды. Қазір жеріңді атойлап кеп басып алатын орта ғасыр емес. Бұл қорқынышты билік өз мүдесіне пайдаланады. Билік Кремльге жалтақтай бергенше өз халқының сеніміне кіруді ойлау керек. Өз халқына арқа сүйеу керектігін түсінуі тиіс. Иә, солтүстік Қазақстанда жастар Ресейге оқуға пейілді. Неге? Себебі ол жақта гранттар саны көп. Оқу арзан. Және салыстырмалы түрде білім сапасы бізден жақсы. Сондықтан біз бірінші кезекте өз халқымызға жағдай жасасақ ешкім бұл мемлекеттен кетпейді. Және оны қорғайды», - деді саясаттанушы Шалқар Нұрсейіт.
Сұхбаттың аудиосын тыңдай отырыңыздар:
Сондай-ақ, саясаттанушы қазір жиі айтылып жүрген Тұран Одағына қатысты да ойын білдірді. Айтуынша, түркілердің ондай одағы құрылуы мүмкін емес.
«Тұран Одағының жақын 10-20 жылда пайда болуына үлкен күмәнім бар. Біз экономикалық тұрғыдан Ресей мен Қытайға тәуелдіміз. Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда айналымы қателеспесем, 19,5 млрд доллар. Біз Ресейден 15млрд аса долларға тауар аламыз. Ал біз оларға 4,5 млрд долларға тауар сатамыз. Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда қатынасы 14-15 млрд доллар шамасында. Бұл бір-екі жыл бұрынғы мәлімет. Ал Қазақстанның барлы түркі тілдес елдермен сауда айналымы 7,5 млрд доллар ғана. Иә, соңғы кезде Өзбекстанмен қарым-қатынас жанданып келе жатыр. 4 млрд айналасында сауда жасайтын болдық. Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы сауда айналымы 1 млрд доллар шамасында ғана болса, Қазақстан мен Түркменстан арасындағы сауда айналымы 145 млн доллар. Қазақстан мен Әзірбайжанның сауда-саттығы 220-230 млн болса, Түркиямен 2 млрд аса долларға сауда жасаймыз. АҚШ пен де осы соңғы соммаға экономикалық қатынастамыз. Бұл экономикалық себеп. Енді саяси жағына келейік. Қазіргі Қазақстан билігінің қаншалықты Ресейге тәуелді екенін білеміз. Бізде Украинада, Беларусь, Қырғызстандағыдай саяси оқиғалар бола қалса қазақ билігіне саяси кепілдік беретін ел де осы Ресей. Үшінші мәдени фактор. Түркі халықтарымен ортақ тарихымыз бар, тілдеріміз ұқсас. Бірақ мәдени және білім интерграциясы қай бағытта жүріп жатыр. Ресей мен Қытайда қанша жасымыз оқып жатыр. Ия, Түркида да білім алып жатқан қазақ балалары бар. Бірақ Ресеймен салыстыруға келмейді. Түркия мен Әзірбайжан арасы өте жақсы. Мен өз көзіммен көрдім тәуелсіздіктен кейін дүниеге келген әзірбайжандар орыс тілін білмейді. Керісінше түрікше сөйлейді. Ресейге қарағанда Түркияны өздеріне жақын тұтады. Ал біз, Қырғызстан әлі орысша сөйлейміз. Жалпы орта азия энергетика мәселесі бойынша да Ресейге қатты тәуелді.Осындай себептер бойынша Тұран Одағы құрыла қоймайды», - деді саясаттанушы.
Ал әскери одақтың құрылуы мүмкін бе дегенге сарапшы былай деп жауап берді:
«Әскери одақтың да құрылуы екіталай. Бізде ОДКБ бар. Қазіргі қазақ билігі үшкін ОДКБ бірінші орында тұрады деп ойлаймын. Бұл одақ қазіргі режимдер үшін тиімді. Осы жазда сайлаудан кейін Минскіде халық митингісі басталды. Сол кезде Путин әскер кіргізуі мүмкін деген әңгімелерде болды. Оған ОДКБ келісім береді деген сөздер айтылды.»
Сұхбатта алдағы мәжіліс пен мәслихат сайлау туралы да айтылды.
«Бізге сайлау институтын қалпына келтіру керек. Сайлау дегеніміз билікті бейбіт жолмен ауыстыратын жол. Адамзат баласы басқаша баламасын әлі ойлап тапқан жоқ. Біздің тырнақшаның ішіндегі саяси элита сайлауды өз билігін ұзарту деп түсінеді. Сайлау хақында адамдардың түсінігін де өзгерту керек», - деді Шалқар Нұрсейіт.
Сұхбаттың видео нұсқасын осы жерден көре аласыздар.
https://www.youtube.com/watch?v=suL9yJfWsGY&t=1573s