Украиналық журналист: Қазақтар, Ресейге сенбеңдер
УНІАН украиналық жаңалықтар агенттігінің тілшісі Роман ЦИМБАЛЮК қазақ жерін даулаған ресейлік депутаттардың мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді.
«Қазақтарға айтарым. Украина мен Ресей арасында достық, серкітестік жөнінде үлкен келісім болған. Алайда, Украина үшін сын сағатта Ресей ол құжатпен бір жерлерін сүртіп тастап, президенттерінің қолы түкке тұргысыз екенін көрсетті. Сөйтіп Украинаға әскерін кіргізді. Қазақтар осыдан қортынды шығарса дейсің», - деді украиналық журналист УНІАН ютуб каналында.
Айтпақшы, Роман Цимбалюк 1980 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Цимбалюк тәуелсіз украиналық агенттіктің Мәскеудегі тілшісі. Владимир ПУТИН бастаған ресейлік саясаткерлерге қойған өткір сұрақтарымен танымал.
10 желтоқсан күні Ресей мемлекеттік «Первый канал» телеарнасында дума депутаты Вячислав НИКОНОВ «Қазақстан территориясы – Ресейдің берген сыйлығы» деп мәлімдеді.
«Қазақстан деген болған емес, Солтүстік Қазақстанда адам тұрған емес. Олар [қазақтар] болды әйтеуір, бірақ, оңтүстікке қарай өмір сүрді. Яғни, айналып келгенде, Қазақстан территориясы Ресей мен Совет одағының берген үлкен сыйлығы. Орталықазия елдерінде де осындай жағдайаттар бар»,- депті Владимир ПУТИН жетекшілік ететін партияның мүшесі Никонов.
Никоновтан кейін Ресей мемлекеттік думасының тағы бір депутаты Евгений ФЕДОРОВ «біз қазаққа жер сылайдық» деген әңгімені өршіте түсті.
«Сіз бір досыңызға көлік сыйладыңыз деп ойлайық. Бір жылдан кейін келіп: «Менің сыйлығымның жағдайы қалай, Вася» деп сұрасаңыз, досыңыз: «Қандай сыйлық? Не сөз? Бұл сыйлық емес. Мен ол көлікті сенен алып алдым» десе, қандай күйде боласыз? Түсінесіз бе? Ондай досыңызға қалай қарайсыз? Сіз оның дос емес екенін түсінесіз. Дұрыс адам: «Көп рахмет, керемет көлік немесе онша емес. Бірақ көп рахмет. Мен жақсылығыңызды білемен, міндетті түрде ризалығымды білдіремін» деп пе бірдеңе айтады. Бұл дұрыс. Ал Қазақстанның ресми органы «Біз ешқандай сыйлықты білмейміз. Бұл ешқандай сыйлық емес. Сендерден тартып алғанбыз» дейді. Бұл жерде не сыйлық, не тартып алды. Егер бізден тартып алған болсаңдар, сендермен басқаша сөйлесейік. Басқа тілмен, балалар, қазақстандықтар. Бір жомарт орыс адамы сыйлап, сендер соны түсініп, дос болсаңдар басқа әңгіме. Ал ҚР СІМ сияқты немқұрайды қарасаңдар, басқа әңгіме», – деді депутат Федоров.
«Единая Россия» партиясының қос депутатының сөзін ЛДПР төрағасы Владимир ЖИРИНОВСКИЙДЕ іліп алып кеткен еді. Ол туралы malim.kz сайты Азаттық күні Жириновский тәуелсіздігімізге тіл тигізді атты материал жариялаған.
Фото: 123ru.net